Bugin

Ресей шенеуніктерінің Еуропа мен АҚШ-тағы байлығы бұғатталды

Адам құқығын таптау

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

АҚШ және Еуроодақтың Ресейге қарсы салған санкциясының тізімі белгілі болды. Мұны Открытая медиа хабарлады.

АҚШ-тың Қаржы министрлігі оппозиционер Алексей Навальныйға қастандық жасауға қатысқан 7 шенеунікті қара тізімге енгізді. Олар – Ресейдің Құпия қызмет мен құқық қорғау және президент әкімшілігінде қызмет істейтін шенеуніктер.

Ақ үй билігі бұдан бөлек тағы Ресейдің 27-і ұйымына санкция салды. Оның ішінде Ресей Қорғаныс министрлігінің Ғылыми орталығы және тағы екі белді әскери, технологиялық институт бар. Бұл ұйымдар, Вашингтонның ойынша, "Новичок" уын жасап шығарған. Ал халықаралық келісімге сәйкес, мұндай биологиялық қаруды дүниежүзінің бірде-бір мемлекеті шығармауы тиіс.

Ал Еуроодақ билігі Ресейдің 4 шенеунігіне санкция салып, Еуропадағы бүкіл активтерін бұғаттап тастады. Әрі Еуропаға кіруіне тыйым салды. Бұл тұлғалар – Навальныйды ұстап, соттауға қатысқан Тергеу комитеті, Росгвардияның басшылары. Олардың арасында Путиннің жақын досы әрі бұрынғы оққағары, Росгвардия басшысы Виктор Золотов бар. 

Айта кеткен жөн, Еуропа мен АҚШ Ресей билігіне оппозиционер Алексей Навальныйды жазықсыз соттағаны үшін санкция салатынын мәлімдеген еді. Негізгі себеп - Кремль билігінің адам құқығын аяққа таптағаны. 

Жақында Еуропарламент Қазақстанға да бейбіт шеруге шыққандарды ұстап жазалағаны үшін адам құқығын таптады да санкция салуға қыр көрсеткен. Бұл жайлы мына сілтемеден оқыңыз. 

Оқи отырыңыз

АҚШ бір аптаның ішінде Ресейге тағы бір санкция салмақ