COVID-19
Бұл қосымшаның мақсаты қандай?
Бұл қосымшаның мақсаты қандай? «Ashyq» пилоттық қосымшасын шығарған жобалық кеңсе Цифрлық даму министрлігі, Денсаулық сақтау министрлігі және «Атамекен» ҰКП жиі қойылатын сұрақтарға жауап берді.
Пандемия кезінде бүкіл әлемдегі бизнес нысандары шектеулермен жұмыс істеуге мәжбүр болды. Оның салдары кәсіпкерлік қызметтің кірісіне орасан зор шығын келтіруде. Мұндай жайт елімізге де қатысты. Отандық бизнестің 13 мыңнан астам субъектісі (боулинг, бильярд, караоке, компьютер клубтары және т.б.) әлі де жұмысына кіріспеді.
2 ақпанда денсаулық сақтау министрі Алексей Цой әр азаматтың иммундық статусы туралы ақпарат бар QR-код Ashyq мобильді қосымшасындағы медицина мекемелері ақпарат жүйесіндегі деректер де біріктірілетінін, соның ішінде азаматтардың коронавирусқа қарсы вакцина салдырғаны жайлы деректер де жазылатынын мәлімдеген.
Бұл шараның халыққа пайдасы қандай?
Қауіпсіздік. Бүгінгі күні (ауру белгілері бар немесе белгілері жоқ) COVID-19 індетімен ауырғандар үй карантинін сақтау бойынша міндеттеме алып, оны қолхатта жеке қолтаңбамен растайды. Көп жағдайда өзін-өзі оқшалау режимі бұзылып жатады. Аурып қалған немесе науқас адаммен байланыста болған адамдар қоғамдық орындарға барады, коронавирустың таралуына себепші болады.
Қосымша осындай келушілерді анықтауға және басқа келушілердің қауіпсіздігін сақтауға көмектеседі.
Бұл қосымшаны құрастырған кімдер?
«Ashyq» мобильді қосымшасы ҚР Цифрлық даму министрлігі және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің тапсырысымен отандық ІТ-компания әзірлеген.
QR-код кімге беріледі – бизнес субъектісіне, әлде келушіге ме?
QR-код бизнес субъектілеріне ғана беріледі.
Қосымшаны қолдану баршаға міндетті бола ма?
Кәсіпкерлерді де, азаматтарды да қосымшаны қолдануға міндеттемейді.
Осы жылдың 17 қаңтарынан баста пилоттық режимде «Ashyq» қосымшасын бірнеше фитнес-клуб, спа-орталықтар, сауналар және ресепшіні бар басқа да нысандар қолдана бастады. Пилотқа қатысу ерікті жүргізіледі.
Қосымшаны қолдану қаншалықты қиын уақыт жағынан шығынды ма?
Мобильді қосымша смартфоны жоқ адамдарға кедергі келтіре ме?
Келушінің қолында смартфоны болмаған жағдайда немесе қосымшаны жүктеуде қиындықтар туындаса, нысандағы жауапты қызметкерге қосымшада арнайы рөл беріледі, қызметкер келушінің ЖСН-і арқылы оның нысанға кіруін тіркей алады.
Статус түсі нені білдіреді?
Жасыл статус жүріп-тұруда шектеу жоғын білдіреді, мұндай адам базада COVID-19 індетіне ПТР-тестілеуі теріс нәтиже шыққан пайдаланушы болып шығады.
Көк статус –ПТР-тестілеудің нәтижесі жоқ, ауру жұқтырған адамдармен байланыста болған адамдар есебінде жоқ.
Сары статус – деректер базасында байланыста болғандар есебінде тұрған адам.
Қызыл статус– жүріп-тұрудың шектелгенін, Covid-19-ке оң нәтиже шыққанын, үй жағдайында оқшаулау режимін қатаң сақтауды білдіреді.
Нысанға келген сайын ПТР-тестіні тапсыру қажет пе?
Әрине қажеті жоқ.
Статус қаншалықты ұзақ сақталады?
Барлық статустар уақытша құбылыс. Жасыл статус – 3 күн, яғни ПТР анықтама жарамдылығына пара пар.
«Қызыл» немесе «сары» – ПТР-тестілеу теріс нәтиже көрсеткен бойда және науқас немесе жақын байланысатын адам үшін белгіленген оқшаулау режимінің аяқталғаннан соң алынып тасталады
Осы жоба елде жаппай вакциналауды бастаумен байланысты ма?
Бұл жобаның КВИ-ға қарсы вакцияналаумен байланысы жоқ.
Бұл жоба басқа ауруларға шалдыққан (ЖРВИ (жедел респираторлық-вирустық инфекциялары), тұмау және т.б.) азаматтарды есепке ала ма?
Жоқ, жоба басқа инфекциялық аурулармен байланысты емес.
QR-кодты сауда және ойын-сауық орталығы, дәріханалар, үй жанындағы дүкендерге орнату міндетті бола ма?
Жоқ, егер кәсіпкерлік субъектісі оны өз еркімен орнатқысы келмесе, жобалық кеңсе осы нысандарға қосымшаны орнатуды қарастырмаған.
Нысаннан шығарда QR-кодты не үшін сканерлеу керек?
Нысан жұмысының режимін бақылау үшін. Қосымша бір мезгілде нысандағы адам санын (жеке деректерсіз) және жұмыс ету уақытын талдауға бақылауға мүмкіндік береді. Осылайша мониторингтік тексерулерді жүргізу қажеттілігі азаяды.
Әлемде мұндай практика енгізілген елдер бар ма?
Бүгінгі таңда QR-кодтарды қолдану практикасы Оңтүстік-Шығыс Азия елдері – Гонконг, Сингапур, Малайзияда кең таралған. Басқа елдерде де балама қондырғылар бар.
ЖСН бойынша деректер қайда жіберіледі?
Деректер ешқайда жіберілмейді және қосымша профилінде қалады. Енгізілген деректер бойынша QR-кодты сканерлеуде пайдаланушы статусын тексеру жүргізіледі.
Пилоттық жоба бойынша ресми аккаунт құрыла ма, барлық қажетті ақпарат қайда жарияланады?
Қазіргі кезде телеграмда @support_ashyq_bot техникалық қолдау көрсету қызметі бар. Қосымша таралатын болса басқа арналарды қосу қарастырылуда.