Bugin
Қытай зиянды зауыттарына Қазақстанға көшіргісі келеді
Қазақстандық жазушы, журналист, тарих ғылымдарының кандидаты Асылбек Бисенбаев үкіметтің "жерді сатпаймыз" деп халықты алдап отырғанын алға тартады. Бұл жайлы ол Zona басылымына берген сұхбатында айтты.
Бисенбаевтың айтуынша, Қазақстанға инвестиция салғысы келген шетелдік компаниялар ауыл шаруашылық саласына емес, тау-кен, өндіріс, транспорт пен өңдеу салаларына қол жалғағысы келеді.
"2020 жылдың 9 айында жермен байланысты ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы сынды салаларға небары 12,8 млн доллар инвестиция салынған. Оның ішінде Қытайдан келген инвестиция титтей ғана. Тоқаев жерді сатпаймыз деп үлкен мәлімдеме жасады! Бірақ оның мәніне түптеп қарасақ, Тоқаев ауыл шаруашылық мақсатында жерді жалға беру мен сатуға тыйым салғанын байқаймыз. Ал шетелдіктер онсыз да ауыл шаруашылығына инвестиция құйып жатқан жоқ. Оларға тау-кен мен өндіріс керек. Былайша айтқанда, Тоқаевтың мәлімдемесі алдау ғана, мәселеден қашу", - деп түсіндірді ол.
Қазақстан үкіметінің жерді Қытайға бермейміз деп емеурін танытуы да алдау. Өйткені қытайдың ауыл шаруашылығына инвестиция салу үшін жерді алғалы отырған жоқ, кәсіпорын салу мен тау-кен өндірісін игеру үшін жер сұрайды. Ал бұған қытай инвесторының толық құқығы бар. Өйткені заңда ауыл шаруашылық жері деп қана жазылған да, басқа сала бойынша жер беруге тыйым салу жайлы сөз жоқ.
"АҚШ дамыған сәтте бүкіл зиянды кәсіпорнын Қытайға көшірді. Экономикамды түзеймін деп Қытай экологиясын құртып алды. Ал қазір экономикасы дамыған соң, енді өзінің ішінде зиянды кәсіпорындарды шет елге, оның ішінде Орталық Азия елдеріне көшіруді қалап отыр. Әсіресе, жақын жатқан Қазақстанға ауыз салғысы келеді", - дейді Бисенбаев.
Оқи отырыңыз