Weekend

Пианист Муцио Клементи туралы білесіз бе?

Музыканттар мен музыка әуесқойлары әлеміндегі Клементидің танымалдығы моцарттық деңгеймен салыстырылды. Дегенмен, бүгінде оның өмірбаянын толық қалпына келтіру ғана емес, сонымен қатар оның көптеген шығармаларының құрылған жылдарын сенімді анықтау мүмкін емес болып отыр . Ал біз Муцио Клементи туралы көп мағлұмат біле бермейміз. Клементидің өмірі таңғажайыпқа толы болған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Муцио Клементи 1752 жылдың 24 қаңтарында Римде белгілі алтын өңдеу шебері Николо Клементидің отбасында дүниеге келген.Жас өнерпаздың музыкалық қабілеттері ерте байқалып, ерекше қабілетке ие болады. Тоғыз жасында бірнеше жақсы мұғалімдердің жетекшілігімен ән айтуды , контрапункт және органдағы ойынды меңгереді. Муцио Клементи тіпті, «Шіркеу органисі атағы»конкурсына қатысады. Таңғажайып естілуі мүмкін, бірақ мен сізге ескерткен болатынмын.

Одан әрі- таңданатын дүние көп. Он үш жасында ол Рим базиликасындағы қызмет органында San Lorenzo in Damasoмен  ілесіп жүрді. Сол жерде оның әуезді музыкасын  – өнерді бағалаушы, өзінің миллиондарымен және коллекцияларымен ғана емес, сонымен қатар көптеген причудтармен танымал Питер Бекфорд естіп қалады . Бекфорд өзінің коллекциясына біртуар генийді сатып алуға Клементидің әкесіне ұсыныс жасайды. Әкесі өз еркімен Клементиді Бекфордтың қолына табыстайды .

Музыканы жан тәнімен сезінетін ағылшын азаматы жасөспірімді өзімен алып кетіп , балаға негізгі үй білімін береді. Муциодан Клементидан тек бір ғана нәрсе талап етілді: жеті жыл бойы күн сайын күніне алты-сегіз сағаттан кем емес уақыт бойы оларға әуезді музыканы ойнау. Муцио Клементи кәмелетке толмайынша Бекфордтың қарамағында жүреді.

Бірақ Клементи шын мәнінде өзін-өзі үйреткен , уақыт ағынымен шыңдала білген ұлы пианист болды..Оның жанында атақты Вольфгангтің Леопольд Моцарт сияқты оны басып озатын нәзік ұстаз-әкесі болған жоқ. Егер осы жеті жыл бойғы жалғыз өзі үйренген сабақтар мен эксперименттер болмаса, атақты ағылшын пианисттік мектебінің негізін қалаушы ретінде тарихқа Клементи қала алар ма еді?!Кім біледі! Еуропа пианизмі деп аталатын құбылыстың негізіне жататын фортепианода ойынның сол тәсілдерін әзірлеуші және алғашқы ашушы да осы Клементи еді.

Питер Бэкфордпен келісім-шарт мерзімі аяқталған кезде ол Клементиді еркіндікке жібереді. Бекфорд Лондонның бай және ақсүйек үйлерінде бірнеше кеш ұйымдастырып, өзінің бұрынғы    қарамағындағы адамның мансабын бастауға көмек береді. 21 жылдық -кәсіби орындаушылық мансабын бастау үшін көп нәрсе қажет болмайды , әсіресе сол уақытта Клементи пианист-виртуоз ретінде өте тез танымал болады.Көп ұзамай ол корольдік Операда клавесинист болып жұмыс істейді. Осы кезеңде ол Еуропа бойынша бірнеше гастрольдік сапарларды жасайды, оған Германия, Австрия, Франция, Швейцария, Ресей көрермендері өнеріне тәнті болады.

Орындаушы-виртуоз Клементи мансабының аяқталу уақытына-тек атақты композитор мен оқытушы ғана емес, сонымен қатар ноталық баспаның иесі, тіпті рояль өндірісі фабрикасының иесі болды.1781 жылғы желтоқсан, Вена қаласы . Мұнда итальяндық шыққан ағылшын атақты – Муцио Клементи гастрольге келеді. Бірнеше күннен кейін ол сарайға шақыру алады. Қасиетті Рим империясының императоры Иосиф 2 өзі , әуесқой музыкант маэстро Клементиге өз ойын өнерін көрсетуді, содан кейін басқа виртуозбен сайыста пианист ретінде өзін көрсетуді ұсынады…

Клементи өмірінен осы эпизод туралы Моцорттың арқасында біз егжей-тегжейлі хабардар бола аламыз. Ұлы князь Мария Федоровнамен, өзінің күйеуі Иосиф II Венада Моцарт пен Клементидің қайсысы керемет ойнайды деп бәстеседі. Моцорт клавирде қайдағы жоқ гастролерге қарағанда әлдеқайда жақсы ойнайды деп бекітеді.Ол кезде әрине Моцарттың атағы жер жарып тұрған кезі.

Сол кездегі оның шығармашылығы– көпшілік пен музыканттардың назарын аударатын даусыз ірі құбылыс болатын . Оның сонаттары керемет орындау техникасын талап етеді. Клементидің музыкалық тақырыптары әуенді де мәнерлі. "Gradus ad Parnassum" төрт томдық еңбегі, ең бастысы, оның атақты шәкірттерінің өнері – Иоганн Крамер, Людвиг Бергер, Игнац Мошелес, Джон Филд және т.б. қол жеткізген пианисттік шеберлігі бүкіл еуропалық пианинозмның дамуына қуатты серпін берді.Фортепианода ойнауда тапқан тәсілдері келесі ұрпақтардың композиторларын музыкалық идеялардың айқындылығы тамаша концерттік қасиеттермен үйлескен тамаша шығармаларды жасауға шақырды. «Музыка тек пианистке арналмаған пианист музыка үшін жаралған» деген ұстанымды ұстанған. ... Егер музыканың құдіреттілігін сезінгіңіз келсе Владимир Горовицтің орындауындағы «Соната С-dur»атты Клементидің шығармасын тыңдауыңызға болады.