"Болашақ -білімді жастардың қолында" - на bugin.kz
Арай Дәрментаева - на bugin.kz Арай Дәрментаева

"Жастар жылы-2019"

  • Болашақтың кілті, елдің ертеңі - білімді жастар.Мемлекеттің дамуы, өсіп - өркендеуі тікелей жастарға байланысты болғандықтан, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жастардың тәрбиесі мен біліміне аса көңіл аударуды талап етуде.Қазіргі уақытта жастардың сапалы білім алуы, дұрыс мамандықты таңдауы жәнеде қоғамнан өз орнын табуы мемлекеттің болашағы үшін ең өзекті тақырыпқа айналды.
  • Мемлекет тарапынан жастарды қолдау үшін жасалып отырған «Жасыл ел», «Жастар кадрлық резервi», «Дипломмен ауылға», «Серпін-2050», «Қолжетімді баспана – 2020» және тағы да басқа бағдарламалар Қазақстан жастарына арналған тамаша мүмкіндік деуге болады.Жастар табанды еңбек етіп, елімізде болып жатқан оңды үрдістерге белсене қатысуы арқылы ғана жетістікке қол жеткізе алады.Сонымен қатар, жастар қоғамға пайдасын тигізіп,алған білімдерін еліміздің өркендеуіне жұмсайтын болса, онда келешегіміздің кемел болатыны сөзсіз.Жаңа заман тәуелсiз ел мұраты — жастардың бiлiмi мен бiлiктiлiкке талпынып әрекеттенуiн, еңбектенiп өсуiн талап етiп отыр.Сол себепті де, елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2019 жылды "Жастар жылы" - деп атады.Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев Жастар жылының салтанатты ашылу рәсімінде: " Бұл- мемлекет тарапынан өскелең ұрпақты қолдауға бағытталған маңызды қадам. Тәуелсіздік руxымен өсіп келе жатқан бүгінгі жас буын- біздің ертеңгі үмітіміз, сенімді тірегіміз. Сондықтан менің Жарлығыммен 2019 жыл " Жастар жылы" деп жарияланғанын білесіздер,"-деді.Ия, бұл    шыныменде қазақ жастарына кеңінен ашылған маңызды бастама болмақ. Себебі біз күш- қайраты тасыған тәуелсіз елдің ұрпақтарымыз! Алдағы уақытта жастарымыздың талай белестерді бағындыратына да сеніміміз мол. Біз қазақ жастары 2019 жылы елімізде кереметтей өзгерістер жасап, Елбасымыздың үкілеген үмітін ақтауға тырысамыз.

0 Пікір Кіру