Білім және ғылым

Күнделік пе? Күйбеңдік пе?

Электронды күнделік пен білім сапасы қандай нәтиже беріп жатыр? Ескерілмеген кемшіліктер туралы баяндасақ

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

  Цифрлы Қазақстанның дамуына мектеп те атсалысып, мұғалім атаулыға жаңа формат қағазбастылықтан арылуға жол ашты. Бірақ берген білім мен электронға түскен бағаның сапасы сын көтереді ме?  "Күнделікті реттейміз" деп күнделікті сабаққа баса назар аударудан қалған мұғалім оқушыға міндеттелген білімді бере алары екіталай. Иә, бүгінгі мектеп бейнесі  осы. Бір жағынан мемлекет білім сапасының үстінен қарап отырса, екінші жағынан сіңімсіз жаңа тәртіп. Мейлі, бұқара халық та, ұстаздар қауымы да бұл жаңа дүниеге көз жұма қарады. Алайда әр мектепте өршіп тұрған әділетсіздікті кім шегермек?

   Әлеуметтік желілерді қаптап жүретін БЖБ, ТЖБ жауаптары оқушыны жатып ішер наданға айналдырды. Десек те, саналы ұрпақ аз емес. Барша Қазақстандық мектепті атап айтқанымызбен, айлақта жатқан ауыл мектептерінің күні қандай?

Желі сапасы нашар, электронды күнделіктерін толтырамыз деп сағаттап компьютерден көз алмайды. Не дегенмен, білінер-білінбес жапа шеккен денсаулығы, үйінде күтер бала-шағасы бар. Көпке топырақ шашпай, сөз тоқетеріне келсек, сапасыз білім
– санасыз оқушы кепілі. Қазіргі пандемиялық жағдайға байланысты онлайн оқытудың да пайдасы тиіп жатқаны шамалы.

Сондықтан ауыз ашпас мұғалім атаулының шерін біз айтсақ. Барлық қадағалау мен жаңа дүниені үйренушілер, білімнің жолын ашқан жандардың қамын кім ойламақшы? Бәлкім, төбеде отырған министр, депутаттардың өзін электронды түрде қадағалармыз?

   Білім сапасының нашар болуы және артуы мұғалімнен дейді. Алайда мемлекет тарапынан артылған жүкті арқалаймыз деп, екінші ұшы өздеріне тиіп жатады. Оқушының сапасы төмен деп ақырғандарымен, білімге жоғары талап қояды. Сол білімге лайықты стандартты оқушылар мен оқытушылар болу міндеттелген. Қайсыбір жаңашылдық пен миашығандықты айтамыз. Үштілдік, жаңа электронды формат, білім емес балл маңызды жүйе, коррупция және әсіреленген көзбояушылық. Жаңашыл білімге деген осындай стратегиялық негіздердің астында жатқан қараңғылық. Қара қапастан қашан шығамыз, сәулесін шырақтың қалай жағамыз?