Bugin
Димаш Құдайберген Қазақстанның денсаулық саласына 500 мың доллар сыйға тартты
Отандасымыз Димаш Құдайберген жыл басының 16 қаңтарында онлайн концерт ұйымдастырған болатын. Осы шарадан жиналған ақшаның жарты бөлігі, демек, 500 мың доллар қазақ елінің медицина саласына жұмсалды.
Шара барысында пандемия кезіндегі ақ халаттыларға алғыс білдіріліп, арнайы әннің бейнебаяны көрсетілді. Қомақты қаржыға арнайы құрал-жабдықтар мен дәрі-дәрмектер сатып алынған. Бұл оқиғаға байланысты C.U.R.E үкіметтік емес қайырымдылық қорының президенті Дуглас Джексон өз ризашылығын білдірді. Ол Димаш Құдайбергенді C.U.R.E жобасының бас амбассадоры ретінде тағайындады.