Bugin
Ресейде 60 жасында шығады
Қазақстанда қазір құқық қорғау органы қызметкерлерінің зейнетке шығу жасын ұлғайту мәселесі қаралып жатыр. Мұны Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев үкімет сағатында айтты.
Министрдің айтуынша, полиция қызметкерлерінің мықты тәжірибе жинап, нағыз піскен шағында зейнетке кетеді. Зейнетке шыққанның өзінде бәрібір жұмыс істеуге мәжбүр.
Оның орнында сол қызметте жүргені жөн еді. 45-55 жасында зейнетке шығып, түрлі коммерциялық ұйымдарды жұмыс істейді.
"Еліміздің полиция қызметкерлері тәжірибесі мол, нағыз кәсіби мамандар. Көбі зейнетке ерте шығып кетеді де, түрлі коммерциялық ұйымдарда жұмыс істеп жүреді. Сондықтан зейнетке шығу жасын ұлғайту мәселесін көтеріп отырмыз", - деді Тұрғымбаев.
Атап айтқанда, майор қызметіндегілер – 52 жаста, подполковниктер – 55 жаста, полковниктер – 58 жаста, басшылық қызметтегілер – 63 жаста зейнетке шығуы мүмкін.
"Қазір талқылап, жоспарлап жатырмыз. Ресейде полицейлер 60 жасында, Жапония мен Германияда 65 жасында зейнетке шығады. Біз де осы жағын қарастырғымыз келеді", - деді Тұрғымбаев.
Айта кеткен жөн, жақында парламент отырысында мәжіліс депутаты Александр Милютин зейнетақы заңнамасында құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне ғана ерте жастан зейнетке шығуына рұқсат беруі – әділетсіздік екенін айтқан. Өйткені ауыр жұмыс істейтіндердің бәрі ерте жастан – 45 жасынан зейнетке шығаруды ұсынған.