Қоғам
Елдегі әйел құқығы мәселесі уақыт өткен сайын ушығып жатыр
Қоғам тірі организм сияқты. Ауыратын тұстары болады. Ал әйел құқығының «жарасы» әлі жазылмады. Соңғы жылдары тіпті жиі көтерілетін тақырыпқа айналды. Елімізде біршама ұйым, бірлестік құрылды. 8 наурызда алғаш рет келісілген түрде Алматыда феминистердің шеруі өтті. Шерудің өтуіне мұрындық болған бес ұйым болды. Олар "Feminita", "КазФем", "Фемсреда", "SVET" ҚҚ және "FemAgora".
Заман өзгергенмен, өзгермеген бір мәселе әлі бар. Ол – әйел құқығы. Бүгінде әйел мәселесі күрделеніп, түрлі аспектілерді қамтып, ғылымға «феминизм» деген атпен енді. Әуелі мәселенің төркініне тоқталайық.
Феминизм тарихта үлкен үш ірі кезеңді өткерді:
Немістің саяси қайраткері Клара Цеткин 1910 жылы алғаш әйел мәселесіне құлақ түруге шақырды. Содан бастап Австрия, Дания, Германия, Швецария елдерінде тең құқық, мемлекеттік органдағы қызмет, еңбек етудегі дискриминация сынды талаптармен шерулер басталды. Арадағы жылдар наурыздың 8 күнінің маңыздылығын тіпті нығайта түсті. 1975 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы ресми Халықаралық әйелдер күні деп белгіледі.
Кеңес Одағы кезеңінде де әйелдердің демонстрациясы өтті. Алайда II дүниежүзілік соғыстан соң бұл күн «әйелер күні, мереке» деп бұрмаланып саяси позициясын ауыстырды.
8 наурызда Алматыда өткен феминистер шеруі туралы белсенділер пікір білдрді.
"Feminita" феминистік ұйымының негізін қалаушы Жанар Секербаеваның айтуынша, ер мен әйел арасындағы теңдікті бұзатын бірнеше фактор бар. Олар:
Ал "КазФем" ұйымының белсендісі Вероника Фонованың айтуынша, 2020 жылдың өзінде статистика бойынша тәулігіне бес қыз қорланған. Ал жұмыстағы, оқу орындарындағы харассментке арналған жазалау заңы жоқ.
Психолог Динара Болаттың айтуынша, жәбір көріп жүрген келіншектер шеруге көп шықпайды. Бұл туралы инстаграмында жазды:
«Шеруде жәбірленуші, қысым көрген әйелдердің өздерінің жүргені аз. «Әйел құқығын қорғаңыздар!», «Әйелді сыйлаңыздар!» деп жүргендері еркін, өзіне сенімді, нақты позициясы бар, есесін жібермейтін жандар. Ал шын жәбірленушінің біздің қоғамда рухы әлсіз. Көп жағдайда үнсіз. Езгіге төзіп жүргені. Бас көтергені жекеге хат жазып қана көмек сұраумен шектеліп, күресті бастамай жатып жеңілгендер баршылық. Кінәлау емес. Жағдай солай. Мүмкін сол рухы әлсіздерді мықтылар қорғап беру үшін де шеру керек шығар... Анығы, проблема бар. Әйелдер шеруі жылдан жылға күшеймесе тоқтамайтыны анық. Сең қозғалды».
Мәселенің көтерілуі, талқылануы шешімнің жартысын көрсетіп тұрғандай. Бұл азаматтық қоғамның дамуы, қоғамның құқықтық-мәдени тұрғыда өсуін көреткендей.
Айта кетейік, Гендерлік бөлініс индексінен (Global Gender Gap Index) Қазақстан 153 елдің арасынан 72 орында тұр. Статистика негізгі төрт критерийлер бойынша іріктеледі. Олар: экономикалық және мансаптық мүмкіндіктер; білім; денсаулық және өмір сүру; саяси құқық.