Bugin

Буллинг және суицид

Жасөспірімдер арасындағы қорқытудың әсері

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Буллинг – ағылшын тілінен аударғанда қорлау, қудалау деген мағынаны береді. Бұл көбіне жасөспірімдер арасында орын алады. Мектептегі мазаққа, қорлауға жол бермей алдын алуды әр мектеп қолға алуы керек. Оның себебі: буллингтың әсерінен әрбір бесінші адам зардап шегіп, суицид орын алып отыр.

Қазақстан ТМД елдері  бойынша суицид жасаудан 1 орында тұр. Көп жағдайда суицид жасаушылар – 14 пен 17 жас аралығындағы жасөспірімдер. Оған себеп:

1. Мектепте көрсетілетін қорлық пен қудалау;
2. Жалғыздық. Жалғыз сезіну;
3. Қолдау күтіп, тиісінше ойлаған қолдауды көрмеуі.

Түзде жүрген баласын ата-ана қандай қорлық көріп жатқанын байқамайды. Бірақ баланың іс-әрекеттеріне қарап анықтауға болады. Атап айтқанда баланың өзін-өзі ұстауы өзгереді. Олар:

1. Тәбеттің бұзылуы;
2. Уайымдау және тез ашуға берілуі;
3. Ұйқы бұзылуы;
4. Сабаққа мән бермей, үлгерімі төмендеуі;
5. Жалғыз сезінгеннен өлім туралы ойлар ойлауы немесе қорқыныш пайда болады.

Яғни агрессивтік ойлар жаулап, қоршап алады. Бұл жағдаймен күресу үшін жасөспіріммен байланысты күшейту керек. Ата-ана балаға қолдау білдіріп, ақылдасып көмектесу маңызды. Тек ата-ана емес, мектеп те осындай жағдайлар орын алмас үшін шаралар ұйымдастырып, оқушыларға дұрыс жолды көрсетуі керек. Психологпен тілдесе алатындай қауіпсіздікке сендіру керекпіз. Қатты артық кеткен жағдайда 111 арқылы байланысып, көмек сұрауға болатынын ескерту керек.

Бұл – қоғамдағы өзектілігі жоғары, өршіп түрған мәселе. Бұған бей-жай қарамай жасөспірімдерге барлығымыз психологиялық тұрғыдан көмектесейік. Себебі қазіргі жасөспірімдер – болашақ еліміздің мақтанышы. Болашақ мақтаныштың сау әрі жарқын болғаны бізге де жақсы болмақ. Тіпті бұл туралы ДСҰО зерттеу тобы ұлттық деңгейде алдын алу бағдарламалары, жоғары ақпараттандыру арқылы буллинг пен кибербуллингтың құрбандарына көмек көрсетуды маңызды санап, күресуді дамытып жатыр.