Мұрағат
Жазушы Бердібек Соқпақбаевтың "Өлгендер қайтып келмейді" кітабында соғыс жылдарынан кейінгі шіріген мектеп жүйесі айтылады. Бұл қандай жүйе еді?!
Кітаптың 3-ші бөлімі педогикалық училище бітірген еркіннің жұмысқа тұру маусымынан басталады. Бұл жерде ең бірінші әділетсіздік болады. Жұмысқа тұрғызу командасында аға Еркіннің жеке еркімен Алматыда қалдырмай, басқа жаққа оның еріксіз жібереді. Дегенмен Еркін Алматыда өзінің жазушылығын дамытып қалуды ойластырған еді. Одан әрі ол өзі жіберілген ауылдық жерге барады. Ауылдық мектеп директоры оның ұлы жүз, оның ішінде албан болғанынан жұмысқа қабылдамайды. Бұл басы ғана еді. Себебі туыстық қатынастар мектеп ішіне кіріп, балалар білімінің ең төменгі деңгейде екенін аңғартпай жүр.
Сөйтіп ол ауылдан кетіп, аудандық мектепке жұмысқа орналасады. Жалға алған үйінің қандай екені жайлы айтпаса болады. Дегенмен басты тақырып ол емес. Сөйтіп ол мектепте біраз шикілікті біледі. Олардың тізімі мынадай:
– Балалар сыныптарға білімсіз, оқусыз ауысып кете берген. Себебі 9 оқитын балалар 7-ші сыныптағы есептер шеше алмайды, қарапайым сөздер жаза алмайды.
– Мектеп интернаты директоры балаларды жұмысқа салады. Оларға малын бақтырады, жұмысын істетеді. Жасамаса, соғатыны тағы бар. Бұның дәлелі интернатта жатқан балалардың Еркінге бәрін айтып, оны өлеңімен әлемге жария етуін сұрауы еді.
Бұл кемшіліктерді білмей жүрген кезінде Еркін балаларға өзінің шынайы біліміне қарап баға қоятын. Бір күні оны директор шақырып, қойған үштерін төртке ауыстыруын талап етеді. Еркін өзінің анық дәлелдерімен директордың мысын басады. Дегенмен ақыр соңында бұдан пайда жоғын біледі. Себебі ол кезде дұрыс шешім, ой айтатын адамдарды жікшіл, зымиян санап жұмысынан қуатын, болмаса сотқа беретін. Сөйтіп жүргенде аудан орынбасарының көмегімен келген топас, надан мұғалімді сынап әңгіме жазғаны үшін оған мектеп отырысын ашып, оны сынға алады. Сөйтіп ол сөзін дәлелдей алмай, үйінде отырып қалады. Жұмысқа шықпай, арыз жазады. Жай емес, Мәскеуге жазады. Сөйтіп ол жазғанымен пайда болмай, Алматыға көшіп тынады.
Қалған бөлігі оның жазушылық жолына өрбіп кетеді. Бұл әңгіме – сол кездегі мектеп жүйесінің шала екенін жазған романдардың ең үздігі. Азаттықты аңсаған адам білімге және бостандығына ұмтылады дейді.