Bugin

Байқауға қатысуға ақша төлеу қаншалықты дұрыс?

Байқауға қатысу - ақша шашу

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Өнер, білім, қабілет, еңбек – мұның бәрі жетістікке апарар жол. Өнер мен білім жағынан көп бәйгеге түсіп, тәжірибе жинақтауға болады.

Сіздерге бір қызық айтайын.

Байқау болды делік. Жақсы, қатысып көрейін. Байқау шарттары бойынша жасаған жұмысымды ұйымдастырушыларға жібердім. Жауабы келді. Мен талаптарға сай болдым. Жұмысым үздік болып шықты. Енді марапатқа тоқталайық.

«Дәрежелі диплом тегін, төсбелгі мен оны растайтын куәлік және кітап жинақ үшін жарна ақысы қойылған. 15000₸ төлейсіз, және алғыс хат тегін» дейді. Осы сөздерді қазір көп естіп жүрміз. Сонда еңбек, жұмыс, шығармашылық, дарын қайда кетті? Біз бұндай жарыстардан сонда тәжірибе жинадық па әлде шығын шығардық па? Байқау ұйымдастырған соң, мақсаттары дарынды жастарды қолдау болса, неліктен марапатқа қаржыны қатысушы төлеуі қажет? Шынымен, ойландырады екен. Қаржы төлеген қатысушының жоғары дәрежелі атақ абыройға тиесілі болуы қаншалықты дұрыс? 

Республикалық, халықаралық деген атаумен ұйымдастырылған байқаулар қаншалықты қатысушылардың қаржысына мұқтаж? Байқауға қатысқысы келетін дарынды жастардың бетін қайтаруға ата-аналары бата алмайды. Бірақ ата-ана баласының көңілі үшін әр жарысқа қалтасынан қағып қаржы төлей берсе, жарыс не үшін атақ не үшін?