Саясат

Тәуелсіздік тарих толқынында

Тәуелсіз ел... Осы сөзді естісек жүрегіміз лүпілдеп, қиын қыстау шақтан осы күнге жеткеніміз еске түседі. Оқ пен оттың арасында қасықтай қаны қалғанша айқасып, қыршынынан қиылған жастарымыз тәуелсіздіктің туын көкке көтерді. Аспанды қара бұлт торлаған шақта алтын күн сәулесін шашты, тәуелсіздік таңы атты. Егемендікке ерігіп жеткеніміз жоқ, оған тарих дәлел

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com


Тәуелсіз Қазақстанды әлем мемлекеттері арасында бірінші болып бауырлас Түркия Республикасы танығаны айқын.  1991 жылдың соңына қарай елімізді 18 мемлекет «Егемен ел» деп таныды. Ал 1992 жылдың соңында 108 мемлекет тәуелсіздігімізді мойындады. Бұл зор жетістікке бастар жол еді.

 Аз уақыт ішінде асқан асумыз, бағындырған белесіміз мол болды. Біріншіден, сыртқы елдермен дипломатиялық қатынасымыз берік орнады. Қазіргі таңда шекаралас елдермен қоса өзге экваторларда орналасқан әлемнің алпауыт елдерімен, нақтырақ айтсақ 130 мемлекетпен дипломатиялық қатынастамыз. Соның нәтижесінде Қазақстан Орталық Азиядағы географиялық сипатымен бірге экономикалық даму қарқыны бойынша көшбасшы мемлекет болып отыр.  Екіншіден, отандық өнімнің тек елімізде ғана емес, шет ел асып экспортталуын үлкен жетістік деп білеміз. Нақты айтар болсақ, мемлекетіміз Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болуы арқылы тек импорттаушы емес, ауылшаруашылық өнімдерін экспорттаушы ел болып таныла бастады. Үшіншіден, халық саны әлдеқайда арта түсті. Тәуелсіздік алған кезде жалпы халық саны 16 миллион болатын болса, бүгінде бұл көрсеткіш 18 миллионнан асты.

27 жылдың ішінде Қазақстан сияқты жас мемлекеттің ең  мықты 50 елдің қатарына қосылуы осы жылдар арасындағы елбасының жүргізген сарабдал саясаты мен халық қызметінің арқасы екені анық. Алдағы уақытта 30 елдің қатарына қосылуға жоспарымыз айқын.

Білім саласында да көптеген жетістіктерге қол жеткіздік. Қаншама жастар шет елде оқуға мүмкіндік алып, ел абыройын асқақтатты. Жастардың озық ойлы маман болып жетілулері үшін мемлекет тарапынан қолдау көрсетілді, аймақтарға қызмет етуші жастарға бөлінетін гранттар саны артты, ынталандыру үшін түрлі степендиялар бөлінді. Нәтижесі де көз қуантарлық. Атап айтсақ, мемлекет ішінде бірінші болып Әл- Фараби атындағы ұлттық университет халықаралық рейтингке сәйкес үздік 250 оқу орнының қатарынан көрінді. Сондай- ақ, Елбасымыздың биылғы жылды «Жастар жылы» деп жариялауының өзі егеменді ел жастарына артылған үлкен үміт пен мемлекет тарапынан көрсетілген қолдау деп білемін.  

Тәуелсіздік алғалы қыруар жұмыстар атқарылып жатыр, оған жоғарыда көрсетілген деректер дәлел бола алады. 27 жыл ішінде аз да, көп те атқарған қызмет бар, жеткен жетістік бар, кем- кетік тұстарымыз да бар, оны жоққа шығара алмаймыз. Өркендеуші мемлекет үшін орындаған істеріміз көп, қай жағынан қарасақ та өзге мемлекеттерге өнеге бола алатындай терең тарихымыз бар екені хақ.