Қоғам
Африкалық феминист әрі жазушы TEDx жобасында феминистік көзқарастары жайлы баяндады
Британдық The Guardian газеті феминист Чимаманда Нгози Адичидің TEDx жобасында сөйлеген сөзі бойынша мақала жариялады. Bugin.kz бүгінгі таңда осы тақырып өзекті екенін ескеріп, оны қазақшаға аударып шықты.
Чимаманда Нгози Адичи:
2003 жылы «Күлгін Гибискус» атты кітабымды жазып бастадым. Оқиға желісінде кейіпкер өз әйелін ұратын да, соңында қайғылы аяқталатын. Сонда мен сыйлайтын журналист мұным феминистік көзқараста екенін айтты. Оның пікірінше, феминистер өздеріне күйеу таба алмаған бақытсыз әйелдер.
Сондықтан өзімді бақытты феминист деп атаймын деп шештім.
Десе де, ол феминистердің еркектерді жек көретін позицияда екенін және біздің мәдениетімізге тән еместігін жеткізуге тырысып бақты. Айтуынша маған батыс әдебиеті ықпалын тигізген. Қалай дегенмен де, мен өз бетімнен қайтпадым. Сол сәттен бастап ерніме жылтыраған далап жағып, биік өкше киіп, еркектерді жек көрмейтін, африкалық бақытты феминист боламын деп шештім.
Жыныс тақырыбы әрдайым әлем үшін актуалды. Алайда бізге басқа, әділ әлемді құратын кез келді. Гендерлік мәселе – күрделі сұрақ. Көпшілік бұл тақырыпты талқылағысы келмейді. Олар үшін тіпті дискомфорт пен агрессия тудырады. Менен «Неге феминизм деп атайсыңдар?» деп сұрайды. Сондағысы, бұл түсінікті «адам құқығы мәселесімен» ауыстыруды ұсынады. Менің ойымша, бұлай проблематиканы тым жалпылап жібереміз. Ғасырлар бойы әлем адамдарды екі топқа бөлді. Өкінішке қарай, екінші топ ескерусіз, тыңдалмай қалып жатады. Сондықтан «әйел құқығы» деп атағанымыз жөн.
Көп еркек гендердік мәселені байқамайды, байқағысы келмейді. «Қазір бәрі жақсығ ғой, бұдан да жаман болуы мүмкін еді» деген ойда. Сәйкесінше, өзгеру үшін де қадамдар жасамайды. Мысалы, сізді ер адам деп алайық. Мейрамханаға кіргеніңізде даяшы сізбен амандасады да жаныңыздағы әйелді байқамағандай болады. Бірден ойыңызда «Ал онымен неге амандаспады?» деген сұрақтың тууы заңдылық шығар. Бізге осындай үлкенді-кішілі мәселелерді шешіп алу керек.
Дәстүр бойынша әйел ерге бағынуы тиіс деп ойлайды көбі. Алайда уақыт өткен сайын дәстүр мен мәдениет те өзгере береді. Менің он бестегі егіз сіңлілерім бар. Егер олар жүз жыл бұрын туған болса, оларды алып қашып өлтіріп тастар еді. Себебі ол кезеңде егіздердің туылуын жаман белгіге санады. Алайда заман өзгерді, сәйкесінше көзқарастар да басқаша.
Мәдениеттің мәні неде? Мәдениет халықты сақтап қалуға көмектеседі. Отбасымдағы «Біз кімбіз? Тарихымыз қандай? Дәстүріміз ше?» сынды сұрақтарға ең қатты қызығатыны менмін. Менің ағаларым да бар, алайда олар аса қызығушылық танытпайды. Игбо мәдениеті бойынша мұндай тақырыптар талқыланатын орталарда тек ерлер жиналады. Тек ерлер өз пікірін білдіреді. Мен әйел болғандықтан ашып айта алмаймын. Себебі әйел болып туылдым.
Мәдениет адамды жасамайды. Адам мәдениетті құрайды. Егер мәдениет әйелді тұлға деп тани алмаса, біздің мұны өзгертуге мүмкіндігіміз бар.
Маған баяндаған оқиғаларға сенсек, арғы әжем феминист болған екен. Ол тұрмысқа шыққысы келмеген еркектің үйінен қашып кетіп, өз сүйгеніне қосылған. Әйел болғаны үшін ғана қойылған шектеулерге әрдайым қарсы көзқарасын білдіріп отырған деседі. Қызығы, әжем «феминист» түсінігін мүлде білмеген. Ер болсын, әйел болсын, менің феминист ретіндегі позициям: «Иә, гендерлік мәселе бізде бар және біз оны түзетуіміз керек» деп атау.
Әйел де, ер де мықты болуға лайық.