Шетелдік туындыларды енді қазақ тілінде тамашалаңыз

Шет елдің көркемдік және анимациялық фильмдерін "Qazaqstan" телеарнасы дубляждап шықты.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

2012 жылдан бері  Ұлттық арна өзге елдердің үздік туындыларын қазақ тіліне  аударып, дубляж жасайды.Мемлекеттік тілдегі BBC-дің үздік деректі фильмдері "Qazaqstan"  және "Abai TV"  теларналарының бағдарламалық кестесіне енгізілген. Бүгінде көптеген анимациялық фильмдер көрсетілуге дайын. Олар:  "Қара қабылан", " Кек алушылар",  "Шексіздік соғысы",  " Дориді іздеуде",  "Мейірімді дию",  " Құмырсқа адам және Сона",  "Суперотбасы 2",  " Қазыналы ғаламшар",  "Джунгли кітабы",  " Түлкі мен ит",  "Ғажайып саяхат",  " Сұлу мен құбыжық",  "Ұйқыдағы ару",  " Бикеш пен Қаңғыбас" 
Әлемдік деңгейдегі фильмдер мен мультфильмдерді қазақ тіліне аудару және көрсету – «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясының тұрақты жұмыс бағыттарының бірі.Олардың басты мақсаты- қазақстандықтарға әлемдік премьераларды мемлекеттік тілімізде көруге мүмкіндік беру. "Marvel" және "Disney" компаниясының туындылары әр жексенбі сайын сағат 14:00-де эфирге шығады. Алайда, қайталап көрсетуге рұқсат жоқ.