Bugin

"Болашақта ұлт, мемлекет түсінігі жойылады": субмәдениет туралы бірер сөз

Жастар – наразылық, тұрақсыздық, реформа мен революцияның бейнесі

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Субмәдениет – жалпы топтан ерекшелейтін, жастардың индивидуымдық көзқарасын, жеке құндылықтарын норма санайтын жүйесінің көрінісі. Материалда субмәдениеттің пайда болу факторларын, даму динамикасын, түрлерін және қоғамға қалай әсер еткенін талдаймыз.

Субмәдениеттің таралуы – динамикалық процесс. Мақалаға материал жинау барысында тіпті бір жыл бұрынғы түсініктердің бүгінде актуалды емесін байқадық. Мәдениеттің ішкі ағымының тез етек жаюы, өміршеңдігі табиғи түрде жалғасып жатыр. Бұл – ешкімнің арнайы жасаған жоба не саясаты емес, жастардың өз қызығушылығынан туған көзқарасы. Субмәдениет адамның «Мен кіммін?» деген сұрағына жауап беруге көмектеседі. Әсіресе өмірге енді бейімделіп жатқан жасөспірімдер үшін актуалды тақырып. Қоғамда өзіндік идентификациялау мен өз позициясын қалыптастыруда жақсы құрал.

Құрал демекші, субмәдениет кең етек жайған жағдайда қоғамды қозғайтын күшке айналады. Бұл туралы америкалық саясаттанушы Самюэль Хантингтон өзінің "Өркениеттер қақтығысы" кітабына арқау етіп жазды. Футуролог автордың пікірінше, болашақта ұлт, мемлекет түсінігі жойылып, әлемде мәдениеттер арасында күрес болды. Сәйкесінше, субмәдениет революцияға қауқарлы.

Субмәдениет түсінігі әрдайым болған еді. Мектеп кезінде шашын басқалардан ерекше  бояп не тек қара түсте киінетін таныстарыңыз болған шығар? Жоқ дегенде кино, музыка платформалары арқылы таныспыз. Алайда біз қозғап отырған тақырып әлдеқайда күрделі болып отыр.

XXI ғасыр – ақпарат заманында жастар бейсаналы түрде түрлі жолды ашып жатыр. Қызығы, бұл тенденция тіл, ұлт, жер сынды факторларға бағынбайды. Себебі глобалды деңгейге шығып кетті. Әрине, әсер еткен бірдей ақпарат көзі, үлгі тұтатын медиатұлғаның да санаулы болуы және смартфондағы бірдей әлеуметтік желілер. Тағы бір себеп – отбасы институының әлсіреуі. Жасөспірім кезеңінде бала өзін тыңдағанын, түсінгенін қалайды. Өкінішке қарай, қоғамдық-әлеуметтік жағдайларға байланысты бұл мәселе ақсаңдап тұр. Осы орайда «Бізбен бірге бол, мен сенің уайымыңды түсінемін» деген топтар ауадай қажет.

Субмәдениет тақырыбы күрделі. Замандастарымыз әлі де зерттеп, талдап, түсінік беріп жатыр. Енді субмәдениеттің түрлеріне тоқталайық. Өз ішінде сыртқы және ішкі әсерлерге байланысты қарастырамыз.

Ал қоғамдық көзқарастарына қарай:

  • Анархо-панки – өзіне архаизмдік идеология мен панктің элементін ұштастыратын саяси ұстаным.
  • Антифа – фашизмге қарсы халықаралық саяси қозғалыс.
  • Битник (ағылш. The Beat Generation) – масс-медиа қолданатын адасқан ұрпаққа қолданылатын стереотип.
  • НС-Скинхед – ұлттық-социалистік идологияны ұстанатын, скинхед субмәдениетінің бөлігі.
  • Нью-Эйдж – «жаңа заманды» рухани, діни әрі мистикалық тұрғыдан қарастыратын ағымдар жиынтығы.
  • Неформалы – жастардың Кеңес Одағы кезеңіндегі 80-90-жылдардағы стилін, өмір салтын қолдайтындар.
  • Стрейд-Эджеры – сексуалдық революциядан кейінгі, гедонизм, өзін-өзі басқару идеясымен және панк-рок ағымын қамитын философиялық субмәдениет түрі.
  • Хиппи – адамдардың ішкі бостандығын, рухани байланысын құндылық көретін кең таралған мәдениет.
  • Яппи (ағылш. Yuppie, Young Urban Professional Person) – профессионалды, тұлғалық дамыған, материалды жағдайын жасай алған епті жастардың тобы. Көбіне бизнес саласындағы жетістікке қатысты қолданады.

Сонымен қатар, киіну үлігісіне қарай «Имидждік» деп бөлек қарастырамыз. Олардың негізгілері: Кибер-Гот, нудист, тедди-бой, милитари, фрики.

Елдегі субмәдениетке қатысты ауыз толтырып айтатын мысал – к-поп жанрындағы Ninety One тобы. «Ирина Кайратовна» тобымен дайындаған «Taboo» клипі 4 миллионға жуық қаралым жинады. 35 000-нан астам пікір жазылған бұл клип елдің саяси жағдайын мәселе етіп көтерді. Мәдениеттің бұл түрін қоғам аса қабылдамағанымен, бүгінде білдей идеяология қалыптастыратын күшке айналды.

Сөз аяғында Самюэль Хантингтонтың «...жастар – наразылық, тұрақсыздық, реформа мен революцияның бейнесі. Тарих қоғамдағы жастардың басым бөлігі бірігіп өзгеріс әкелген талай оқиғаға куә» сөзімен аяқтаймын.