Қоғам

Сіздің газлайтер екендігіңіздің 7 белгісі

Газлайтинг дегеніміз не және онымен қалай күресу керек

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Газлайтинг - бұл психологиялық зорлық-зомбылық пен әлеуметтік паразитизмнің бір түрі, оның басты міндеті - адамды үнемі құнсыздандыратын әзіл-қалжыңдар, айыптаулар мен қорқыту арқылы зардап шектіріп, оның өміріндегі шындықтың рас екендігіне күмәндандыру.

Ол кімге және не үшін қажет ?

Газлайтингтің көмегімен бір адам екіншісін басқарады, оны шатастыруға тырысады, ақпаратты бұрмалап жеткізеді. Нәтижесінде жәбірленуші не болып жатқандығын түсінбей, өзінің қоршаған ортаны қабылдауының барабарлығына күмәндана бастайды.Бұл абьюзерлердің адамды басқару үшін жиі қолданатын тәсілі.

«Бұл басқа адамға үстемдік ету үшін билікті теріс пайдалану» дейді психотерапевт, философия ғылымдарының докторы және «Решение дилеммы современной семьи» кітабының авторы - Патриция Питта.Газлайтинг құрбанның өзінің кім екендігін, өзіне деген сенімділігін төмендетеді. Адамның өзі істегісі келмейтін нәрсені істетіп, істемегені үшін өзін кінәлі сезіндіреді.

Бұл термин қайдан пайда болды?

«Газлайтинг» термині 1944 жылы басты рөлде Ингрид Бергманның қатысуымен түсілірген «Газ жарығы»(Gaslight) фильмінен пайда болған. Триллер сюжеті бойынша, кейіпкердің күйеуі үйде жасырылған бағалы тастарды табу үшін, оның ақыл есінен айырылып жатқандығына сендіреді.

Іздеу барысы шатырдағы жарықты қосып тұруды талап етті, бұл үйдегі басқа шамдардың күңгірттенуіне себеп болды. Бұл туралы кейіпкер күйеуіне айтқан кезде, ол кейіпкердің барлығын ойынан шығарғандығын және оның есінде ештеңе жоқтығына сендірді, тіптен адамдардан оқшаулады. Осының барлығының нәтижесінде кейіпкер өзін есімнен айырылып жатырмын деп ойлай бастады.

Бұл термин 2000 жылдары қайтадан танымал болды, ал 2018 жылы оны Оксфорд сөздігіне енгізді.

Газлайтингтің 7 белгісі :

  1. Өткен шақта болған фактілерді жоққа шығару ;
  2. Жиі өтірік айту, тіпті сізді өтіріктің үстінен ұстаған сәтте де ;
  3. Жәбірленушінің есі дұрыстығына үнемі күмән келтіру ;
  4. Жәбірленушіні үнемі әзіл ретінде қудалап, ренжіту ;
  5. Жәбірленушіні отбасы мен достарына қарсы қою ;
  6. Газлайтердің сөзі мен іс-әрекетінің сәйкес келмеуі ;
  7. Жәбірленушіні өзіңізге тән қасиеттері үшін айыптау.

Мен өзімнің газлайтер екенімді сезсем не істеуім қажет?

Ең айқын кеңес - терапевтпен байланысып, неге бұлай болуның себебін анықтау. Манипуляция жасау барысында өз өзіңізді тежеп, алдағы уақытта болдырмауға тырысыңыз. Өз іс-әрекеттеріңізді бақылаңыз. Дегенмен де сыртқы көмексіз газлайтингтен арылу қиын болуы мүмкін, сол себепті мамандарға жүгінгеніңіз абзал.

Мен газлайтингтің құрабымын. Қандай шаралар қолданамын?

Робин Стерн өзінің кітабында айтқандай, газлайтингтен арылудың алғашқы қадамы – аггресордан алшақ болу. Қорлаушының кім болғандығы маңызды емес, бастысы сіз өз өміріңіздің маңыздылығын алға қоюңыз керек. Сонымен қатар сізде психотерапевттің көмегіне жүгініп немесе туыс-туғандарыңыздан көмек сұрауыңыз қажет. Олардың мәселені байыппен саралары анық.

«Сокращенная жизнь» кітабының авторы Ариэль Лив өз тәжірибесімен бөлісе отырып, сізге табанды болуға және оқиғалардың өз нұсқасына берік болуға, басқалар сіздің сөздеріңізге күмәнданған кезде қарсы тұруға кеңес береді.

Естеріңізде болсын : Өз сөзінен қайтпаушылық сізді қиын адам етпейді. Ол сізді қайсар әрі төзімді етеді.

Фото: stakanchik.media