Bugin

Әлиханды еске алған "Сұңқарлықтар"

Биыл "Сұңқар" студенттер мен магистранттар кәсіптік бюросына 22 жыл

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Кәсіподақ әр жыл сайын студенттермен түрлі шаралар өткізеді. Тарих толқынын еске салады. Қайырымдылықпен де айналысады. Студенттерге қызықты студенттік өмірді сезінуге көмектеседі.

2021 жылы 17 наурызда "Филология және Әлем тілдері" факультетінің "Сұңқар" студенттер мен магистранттар кәсіптік бюросы тарихқа тағзым күніне орай "Әлихан Бөкейханов Алаштың ардақтысы" атты танымдық кеш ұйымдастырды. Кәсіподақ ұлт үшін тер төккен жандардың еңбегін дәріптеуден жалықпайды. Осыған дейін "Ұлт ұстазы – Ыбырай Алтынсарин", "Әр өлеңі – бір әлем" атты Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына орай еске алу кештерін өткізген еді.

Алашорданың көшбасшысы Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхановтың туғанына биыл – 155 жыл. Өткізілген кештің басты мақсаты – Алаш ардақтысының өмірі мен жасаған істерін жас ұрпаққа дәріптеу. Кеште дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Дөңгелек үстелге тарихшы Елдос Екпінұлы, саясаттанушы Санжар Латифов, әдебиеттанушы Әсел Псибаева қатысты. Дөңгелек үстелдің мақсаты – Әлихан Бөкейхановтың қоғам мен мемлекетке сіңірген еңбектері туралы пікір алмасу. Тәуелсіздікке бастама салып кеткен Алаш ардақтысы жайлы білгенін бөлісу еді.

Әлихан Бөкейхановтың жер аударылуына не себеп болды? Сіздің тұлғалық көзқарасыңыз қандай?

Тарихшы Елдос Екпінұлы: Он тоғызыншы ғасырдың соңы мен жиырмасыншы ғасырдың басында ұлттың қаймақтары қазақ үшін тар жол, тайғақ кешті. Солардың бірі – Әлихан Бөкейханов. Ол қазіргі Семей қаласынан Ресейдің Самара қаласына жер аударылды. Сол уақытта Алаш көсемінің қоғамдағы рөлі жоғары еді. Кез келген қазақ зиялысы оның сөзін құп көретін. Әлиханның халықтан қолдау табуы Ресей үкіметіне үлкен кедергі еді. Әлиханның жер аударылған уақыты 1908 жыл. Ал 1922 жылы ұлтшыл деген айып тағылып, Самара қаласынан Мәскеуге жер аударылады. 15 жыл бойы үй қамақта өмір сүреді. 1937 жылы ату жазасына кесіледі. Осылайша ұлт көсемінің саналы ғұмыры аяқталады.

1909 жылы Әлиханның қандай еңбегі жарық көрді? Әдебиеттанушы ретінде бұл сауалға қандай пікір білдіресіз?

Әдебиетші Әсел Псибаева: 1909 жылы Петербордан Абайдың тұңғыш кітабын жарыққа шығарған Әлихан Бөкейханов еді. Бұл қазақ халқы үшін тұңғыш баспадан шыққан еңбек болды. Кітаптың атауы "Қазақтың ақыны Ибраһим Құнанбаевтың өлеңдері". Мұнда Абайдың өмірі мен шығармашылығы жарияланды. Қайым Мұхамедханов  "Семей таңы" атты газетте: "Абайдың дүниеден өткенін тұңғыш хабарлаған – Әлихан Бөкейханов" деген жазба қалдырған болатын. Тіпті "Қазақ" газетін шығару да осы Әлихан Бөкейхановтың идеясы еді.

Біз неге Тәуелсіздік аған күннің өзінде ұзақ уақыт ұлт зиялыларын ұлықтамадық?

Саясаттанушы Санжар Латифов: Ұлт зиялыларын тек сексенінші жылдап бастап қана ұлықтаған едік. Менің ойымша, Ресесйдің боданеы болған Қазақстанныңңң өз Тәуелсіздігін алғаннан кейін бірден өз тарихын зерттеп, қазбалауға мүмкіндігі болмады. Тәуелсіздіктен соң рухани жаңғыруға емес экономикалық жаңғыруға көңіл бөлдік. Бұл шарт еді. басқа амал болмады. Мұны жасамағанда дамыған елдермен терезесі тең күн кеше алмайтынБіз Масло перамидасын жүгіндік. Ішер ас пен жақсы тұрмысқа мән бердік. Сондықтан сонау Томиристен бастап КСРО ыдырағанға дейінгі зиялыларды ұлықтай алмадық.

Кеште дөңгелек үстелге қатысушылардан бөлек кеш қонақтарына да сұрақтар қойылды. Ән де шырақалды. Үнсіздік те жарияланды. Жүйелі жауап берген қатысушыларға сыйлықтар берілді. Тарихқа тағзым етуден шаршамайтын жастардың көптігі қазақ елін қуантады. Қатаң карантиндік шаралардың жариялануына байланысты кеш онлайн өтті. Кәсіподақ өз жұмысын атқаруды жалғастырмақ. Алда түрлі шаралар ұйымдастырып, студенттерді тәнті етпек.

Бүгінде "Сұңқар" студенттер мен магистранттар кәсіптік бюросының төрағасыНуриддин Бақдәулет Баймаханұлы.

Әлихан Бөкейханов қазақтың қабырғалы қаймағы ғана емес. Мұстафа Кемел Ататүрік, Махатма Ганди секілді әлемдегі алып тұлғалардың бірі. Ол бүгінгі қоғам үшін ауадай қажет. Келер ұрақ үшін таптырмас қазына.