Денсаулық
Адам ұйқысының ұзақтығы күніне бес сағаттан аз болса бұл ағзаның бұзылуына, тіпті өлімге әкелуі мүмкін
Бүгінгі таңда, көп адамды ұйқысыздық мазалайды. Кейбірі күнделікті жұмысы үшін ұйқыны ысырып қоюы мүмкін. Алайда, сіз созылмалы ұйқы жетіспеушілігі өлімге алып келетінін білесіз бе?
Бұл тақырып жайлы Волгоград мемлекеттік медицина университетіндегі неврология, нейрохирургия, медициналық генетика кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, дәрігер-сомнолог Ольга Курушина өз ойын білдірген болатын.
"Ұйқысыз түннен кейін, келесі күні адам өзін әлсіз әрі шаршаңқы сезінеді. Екінші күні оның когнитивті функциялары төмендей бастайды. Нақтылай кетсек, ұйқысыздықтың салдарынан оның есте сақтау қабілеті, зейіні, түсінігі және шешім қабылдау қабілеті нашарлайды", дейді маман.
Сонымен қатар, сомнолог мамандары бірнеше апта ішіндегі ұйқысыздықты " инсомния " деп атайды. Бұл мәселені ұйықтататын дәрі-дәрмектердің көмегімен шешуге болады. Алайда, ол препараттарды дәрігердің тағайындауымен қабылдаған жөн.