Bugin

Наурыз туралы 5 дерек

Бұл ақпаратты білдіңіз бе?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Наурыз - Жаңа жылдың басы. 

Наурыздың 21-нен 22-не қараған түні күн мен түн теңеледі. Осы күннен бастап Жаңа жыл басталады. «Наурыз» сөзін парсы тілінен аударғанда «Жаңа күн» деген мағынаны береді.
 
Наурыз - діни мереке емес. 

Кей елдерде Наурызды тойлауға тыйым салынған. Мәселен, Сирия мен Ирак. Түркияда 1991 жылға дейін Наурызға тыйым салынған. Наурыз – құтты мереке. Шығыс елдерінде бұған дейін соғыстар болса, мереке күні соғыс тоқтайтын.
 
Наурыз мерекесі XVIII ғасырға дейін ежелгі Римде, Грекияда, Ұлыбританияда аталып өтілген. 1700 жылға дейін ежелгі Русьте тойланып келген деген дерек бар. Бұл мәліметтерді көктем мерекесі туралы жазған антикалық және орта ғасырлық еңбектерден ала аламыз.
 
Наурыз қазақ елінде ғана тойланбайды. 

Ол бізбен шектесіп жатқан Өзбекстан, Түрікменстан, Әзірбайжан, Тәжікстан, Ресей секілді елдерде де атап өтіледі.
 
Шығыс жыл санағына үңілсек, бұл мереке Иран елінің жаңа жылы Наврузбен жанасады. Тәжік халқы бұл мейрамды "Бәйшешек",  "Гүлнавруз",  бирмалықтар  "Су мейрамы" , буряттар  "Сагаан сара" деп атайды.

Наурыз — құтты мереке.
 

Мереке күні қар жауса, қазақ халқы оны жақсы ырымға балаған. Әдетте, ақ қарды қыздың сұлулығына теңестірген. Наурызда жауған қар өте жұмсақ әрі аппақ болатын.
 
Наурыздың көркі - Наурыз көже.

Ол жеті түрлі дәмнен: су, сүрленген ет, тұз, май, дән, айран, құрт және басқа дәмдерден жасалады. Бұл күні барша жұрт наурыз көжені тойып ішуі керек. Өзбекстан мен Тәжікстанда бұл күндері «Сүмәләк» деп аталатын тағам жасалады. Бұл күні кем дегенде жеті үйге кіріп дәм татқан абзал.