Құқық
Мүлікке өсиетті кім қалдыра алады, қалай өзгертеміз немесе күшін жоямыз, нотариус болмаған жағдайда өсиетті кімдер куәландыра алады?
Азаматтың ол қайтыс болған жағдайда өзiне тиесiлi мүлiкке билiк ету жөнiнде өз ықтиярын бiлдiруi өсиет болып танылады. Азамат өзінің барлық мүлкiн немесе оның бiр бөлігін заң бойынша мұрагерлер тобына кiретiн де, кiрмейтiн де бiр не бiрнеше адамға, сондай-ақ заңды тұлғаларға және мемлекетке өсиет етiп қалдыра алады. Өсиет жазбаша нысанда оның жасаған жері мен уақытын көрсетіп жасалынады және міндетті нотариалды куәландыруға жатады. Өсиетті қолымен немесе компьютерде теріп жазуға болады немесе нотариус өсиет қалдырушының сөзімен жазады. Мұндайда нотариус өсиет қалдырушы қол қойғанға дейін оны нотариустың және куәгердің қатысуымен оқиды. Өсиет қалдырушы мүлігіне құқығын растауды дәлелдеуге міндетті емес, алайда болашақта өсиетте қателіктер кетпей, дұрыс жазылсын десеңіз өзіңізбен бірге құжаттарды ала барған жөн.
Өсиетті кез-келген адам қалдыра алады, бірақ оның да өз талаптары бар:
Өсиет қалдырушының орнына кімдер қол қоя алмайды және куә бола алмайды:
Өсиеттiң мазмұнына қарамастан мiндеттi үлеске кімдердің құқығы бар?
Мұра қалдырушының кәмелетке толмаған немесе еңбекке жарамсыз балалары, сондай-ақ оның еңбекке жарамсыз жұбайы мен ата-анасы, өсиеттiң мазмұнына қарамастан, заң бойынша мұрагерлiк кезiнде олардың әрқайсысына тиесiлi болатын үлестiң (мiндеттi үлес) кемінде жартысын мұраға алады.
Өсиетті қалай өзгертеміз немесе күшін жоямыз
1) нотариат кеңсесiне барып бұрын өзiңіз жасаған өсиеттiң толық күшiн жою немесе белгiлi бiр бөлiгiн өзгертутуралы өтiнiш бересіз;
2) жаңа өсиет жасау жолымен жойылуы мүмкiн.
Соңғы жасалған өсиетіңіз заңды күшке ие болады.
Егер нотариус болмаған жағдайда өсиетті кімдер куәландыра алады?
ауруханаларда, санаторийлерде, өзге де емдеу-алдын алу мекемелерiнде емделiп жатқан, сондай-ақ қарттар мен мүгедектерге арналған үйлерде тұратын азаматтардың осы ауруханалардың, санаторийлердiң, өзге де емдеу-алдын алу мекемелерiнiң бас дәрiгерлерi және кезекшi дәрiгерлерi, сондай-ақ қарттар мен мүгедектерге арналған үйлердiң директорлары, бас дәрiгерлерi;
2) госпитальдарда, санаторийлерде және басқа да әскери-емдеу мекемелерiнде емделiп жатқан әскери қызметшiлер мен басқа адамдардың осы госпитальдардың, санаторийлердiң және басқа да әскери-емдеу мекемелерiнiң бастықтары, олардың медицина бөлiмi жөнiндегi орынбасарлары, аға және кезекшi дәрiгерлерi;
3) жүзу кезiнде Қазақстан Республикасының жалауымен теңiз кемелерiнде немесе iшкi жүзу кемелерiнде жүрген азаматтардың осы кемелердiң капитандары;
4) барлау және басқа да экспедицияда жүрген азаматтардың осы экспедициялардың бастықтары;
5) нотариустары және нотариат әрекеттерiн жасауға уәкiлдiк берiлген лауазымды адамдары жоқ әскери бөлiмдердiң, құрамалардың, мекемелердiң, әскери-оқу орындарының орналасқан мекендерiндегi әскери қызметшiлердiң өсиеттерi, сондай-ақ осы бөлiмдерде жұмыс iстейтiн жай адамдардың, олардың отбасы мүшелерiнiң және әскери қызметшiлердiң отбасы мүшелерiнiң де әскери бөлiмдердiң, құрамалардың, мекемелер мен оқу орындарының командирлерi (бастықтары;
6) бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдардың бас бостандығынан айыру орындарының бастықтары.
Бұл аталған тұлғалар куәландырған өсиеттер нотариуста куәландырған өсиеттерге теңестіріледі. Мұндай өсиеттерге куәның қатысуы міндеттіболып табылады.
Өсиет жасау үшін қандай құжаттар керек: