Қазақстан жаңалықтары
Семей қаласында Абай Құнанбайұлы атындағы мешіт ашылды
Әз-Наурыз мейрамына орай Семейде «Абай Құнанбайұлы» мешіті жұртшылыққа есік ашты. Салтанатты жиынға қала әкімі Нұрымбет Аманұлы, Бас мүфти Наурызбай қажы мен зиялы қауым өкілдері арнайы қатысты. Мешіт табалдырығын алғаш аттаған қонақтар Мұхтар Шаханов, Асанәлі Әшімов, Алтынбек Қоразбаев, Жүрсін Ерман, Секен Тұрысбеков, Нұрділдә Ораздар болды. Ауа-райының қолайсыздығына қарамастан жиналған қауымның саны көп болды.
Ұзақ деп айтуына да негіз бар. Мешіттің бой көтерілуіне 2008 жылы жер бөлінген болатын. Әуелі түрік инвесторлары құрылысты бастағанмен аяқталмай қалды. 2018 жылы «ASSYLTAS» қоғамдық қорының директоры Дулат Тастекеев істі өз жауапкершілігіне алды. Оның айтуынша, құрылысты өткен жылдың тамыз айында Абайдың 175 жылдығына орай аяқтау жоспарланған. Алайда пандемиялық факторлар жұмысты кешеуілдеткен.
Мешітте бір уақытта 2500 адам намаз оқи алады. Алтын жалатылған мұнаралардың биіктігі 37 метр. Сондай-ақ 500 автокөлікке арналған тұрақ қарастырылған. Ал сыртқы абаттандыруды Түркістан облысы өз жауапкершілігіне алды. Мешіт бұдан былай кәсіпкердің меншігінде емес. Мұны да кәсіпкер сөзге тиек етті:
Айта кетейік, Абай Құнанбайұлы мешіті енді қаладағы ең үлкен мешіт саналады. Бүгінде Семейде он беске жуық мешіт бар.