Әлеумет

Омар Жәлел: Заңды біз жасап отырмыз

Дәстүрді заң деп қабылдаған дұрыс па?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазіргі уақытта күшін жойған заңдар саны көп. 

Нартай Аралбайұлы Омар Жәлелден сұхбат алған болатын. Бұл туралы Bugin.kz платформасы Нартай Аралбайұлының YouTube әлеуметтік желісіне сілтеме жасап хабарлайды.

Нартай Аралбайұлы: Тоқал алуды қолдайсыз ба?

Омар Жәлел: Қазақтың дәстүрінде бар нәрсе ғой.

Нартай Аралбайұлы: Заң бойынша рұқсат жоқ қой.

Омар Жәлел: Заңды біз жасап отырмыз. Заң деген сен-мен жазатын нәрсе. Заң деген жасанды нәрсе. Заң дәстүрге негізделіп жасалу керек.

Біз заңды дәстүрге негіздеп жасап, дәстүрді заң деп қабылдасақ орынсыз болар. Тоқал алу және қыз алып қашу дәстүрімізде бар екен деп оны заң ретінде қабылдау дұрыс емес. Заңға қайшы әрекет жасамай заңға бағыну керек десем, заң да оңып тұрған жоқ. Заң – мемлекеттің тоғыз қабат, тор көзді сауыты болуы керек.

Омар Жәлелдің “заң жасанды” деген сөзі адамға еріксіз заңға байланысты бұрыс ой салады. 
Қазіргі уақытта шығып жатқан заңдар араға көп уақыт салмай күшін жойып жатқанын көріп жатырмыз.

Мысалы: Отбасы және балалар саласында көрсетілген мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы заң Алматы облысы Әділет департаментінде 2018 жылы 28 мамырда №4727 болып тіркелді. Алматы облысы әкімдігінің 2019 жылғы 28 қаңтарда №42 қаулысымен күші жойылды. 
Күші жойылатын заңдарды шығармаған жөн болар деген ой келеді. 

Заң барлығына ортақ, заңға бағынуымыз керек деген ұстаным бар. Шынымен де заң шығару еріккеннің ермегіне айналса және жасанды болса, дәстүрді заң деп қабылдасақ, біз не істеуіміз керек, кімге бағынуымыз керек?..