Қоғам

"Мысық баланы тұншықтырды". Үй жануарының адамға қаупі қандай?

Мысық — адамдар үшін аса қауіпті лептоспироз және құтыру сынды ауруларға төтеп бере алатын жануар

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ветеринар-невропатолог Людмила Коникова мысықтардың адам денсаулығына қандай қауіп төндіретінін айтты. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

2021 жылдың наурыз айында Украинада мысық нәрестені тұншықтырған. Құқық қорғау органдары жануардың баланың бетінде ұйықтап қалғанын хабарлады.

"Сот бұл жағдайда мысықтың балаға деген ашуы болмағанын айтады. Мұнда нәресте ұйықтап жатқан. Ал мысық баланың үстіне жатып алғандықтан бала тұншығып қалған. Мысықтар интелектуалды дамымаған, адам тілін түсінбейді. Сондықтан біз олардан аяушылық  күтпеуіміз керек", — дейді ветеринар, педагогикалық медицина дәрігері, неврапотолог Людмила Коникова.

"Көп жағдайда мысықтардағы агрессия қорқыныштан туындайды. Бұл стресстік жағдайдың салдары. Мысалы, мысық құйрығын тартқанда қорқады және оны тыныштандыруға тырысқанда шабуыл жасайды. Қорқыныш неғұрлым күшті болса, агрессия соғұрлым қатты болады. Мұндай жағдайда біздің қолымыздан келетіні — мысықты жайына қалдыру, оған өзін тыныштандыруға және қалпына келуге уақыт беру", — деп түсіндірді Мельникова.

Үй жануарларынан келетін тағы бір қауіп  әртүрлі инфекциялар мен аурулар.

"Мысықтар өлімге әкелетін ауруларға төтеп бере алатындықтан оларды жыл сайын вакцинациялау керек және көше жануарларымен байланысуға жол бермеу керек. Мысықтан құрттарды жұқтыру ықтималдығы төмен.  Ал оның алдын алу үшін жазғы маусымнан кейін 3-6 айда бір рет ұрттарға қарсы дәрі-дәрмектер беріп тұру қажет. Және мысықтардан жұғатын токсоплазмоз да —  паразиттік ауру, әсіресе жүкті әйелдер мен иммун тапшылығы бар адамдар үшін қауіпті", — деп зооинженер Анастасия Калинина жауап берді.

Қорытындылай келе, сарапшылар бактериялардан қорғану үшін жануарлардың тырнақтарын кесуге кеңес береді. Егер мысық адамды тырнап алса, онда жараларды антисептикпен емдеген жөн.