Weekend
Сіз қалай ойлайсыз?
«Адам туғанда әңгіләп дүниеге келеді. Бұнда үлкен мән бар. Сол себепті мен математика, физика, астрономия және бәленбай ғылымнан "тіл білімін" артық санаймын. Өйткені, адам баласы ең бірінші дыбысты айтып шыр етіп дүниеге келеді». Профессор Шарабасов сол себепті де қазақ тіліне, сол салаға бүтін ғұмырын арнады.
- Ана тілің арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте! - деген Қадырдың қанатты шумағын жатқа біледі. Ал, 5-і сол күйі білмейді. Неге? Не себепті білмейді? Осы сұрақтарға бас қатырғандардың бірі мен. Өйткені, біздер тілге тек құрмет қана көрсетеміз. Оны лайықты қолданбаймыз. Ананың сүтімен, әкенің қанымен берілетін тілге тырнақшаның ішіндегі «құрмет» қажет емес. Оны күнделікті өмірде қолдану керек! Сауда орындарында әртүрлі мекемелерде қандас бауырларымның орысша сөйлегеніне қарным ашады. Ондай жерде ана тілінде қызмет көрсетуін талап ету керек. «Орысша білмесең өмір сүре алмайсың», «қазақша білу үшін көп кітап оқу керек» деген ойлардан арылу керек сияқты, меніңше.
Өз ортамда орысша сөйлеп, оларға еліктейтіндер көп-ақ.
«Екі тіл білген екі адам», «Үш тіл білген одан да жақсы» деп келетін цитаталар пайда болды. Тіл білгеннің пайдасы мол. Әрине, заман орнында тұрмайды. Әлем күн санап емес, сағаттап емес, минут сайын өзгеріп жатыр. Сол себепті інілеріміз бен қарындастарымыз қанша тіл білсе де қазақша ойлайтын жандардан үлгі алу керек. Қазаққа болсын, еліме болсын деген адамдардың жанкештілігінің арқасында тіліміз де, еліміз де қарыштап дамиды.