Әлеумет
Ақапарат майданындағы "соғыс".
Тақырыпты қозғауға арқау болған он үш жастағы мектеп оқушысының пікірі. Ол соңғы уақытта достарының арасында гетеросексуалдық қалыпты жағдайға айналып бара жатқанын айтты. Киномандардың да пікірінше бүгінде гетеро кейіпкерлер ғана ойнайтын фильм-сериалдар табу қиын.
Пропаганда құралы
Қай заманда да фильм мен әуен сынды медиақұралдар пропаганданың мықты ақпарат қаруы болған. Біздің ақпарат тасыған заманда бұл тіпті үлкен мәселеге айналып отыр. Таңдау көп болған кезеңде бәрін «жұта беру» де өз кеселін көрсетер. Сондықтан ақпараттық иммунитеттің мықты болғаны жөн. Не көріп, біліп, қабылдап жүргеніңізді фильтрлеп отыру керек. Бүгінде әр жаңалықтың астарында өз мәні, жүзеге асырғысы келетін идеясы жатыр. Ал трендтегі фильмдердің берері неде? Сюжеттегі ЛГБТ пропаганда ма әлде заман жастарын толеранттылыққа үйрету ме?
«OSCAR» үздік фильмдерге деген критерийлерін жаңартты
Енді 2024 жылдан бастап күшіне енеді. Ережелерді ұйым өз сайтында жариялады. Жаңа талаптарға сай басты кейіпкерлер түрлі этникалық топ мүшелерінен болуы тиіс. Ал қосалқы рөлдердегі актерлердің 30%-ның құрамында мыналар болуы тиіс:
Алып қарасақ, қара нәсілділер мен гей адамдар сценарийде мүлдем кездеспейтін фильмдер өте көп. Мысалы, «Чернобыль» тарихи драма жанрындағы мини-сериал өзекті тақырыпты көтерді. Ал критерийлерге сай емес. Сонда әлемдік премиялардың «үздік» туындыларына кірмей ме?
Сіздің ортаңызда ЛГБТ танысыңыз жоқ та шығар. Алайда күнделікті сериал, фильм, шоулардан көру арқылы бізге үйреншікті жағдай иллюзиясын жасайтындай. Реалияға келгенде әлемде дәстүрлі емес бағыттағы адамдар саны 3-5% ғана құрайды екен.
Бұл туралы жас буын өкілі, сценарист Ақарыс Әділжан өз пікірін білдірді:
Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының оқытушысы, режиссер-оператор Андрей Шляпниковтың пікірі мынадай болды:
Кинотанушы Дана Әмірбекова толеранттылықты жақтап, гуманизмге тәрбиелейді деп ой білдірді:
Материалды жинақтау барысында әлеуметтік желіде де сауалнама жүргіздік. Бір кісі (есімін анонимді қалдыруын өтінді) ЛГБТ өкілінің атынан сөз сөйледі:
Сауалнамаға 80 адам қатысты. Олардың әлеуметтік критерийлері – 12-25 аралығындағы, қазақ қоғамының жастары. Қатысуылардың 62% пропаганда деп есептесе, 38% толеранттылық деген таңдау жасады.
Сонымен, қорытындылай келе «ЛГБТ толеранттылық па, пропаганда ма?» диллемасының жауабын уақыттың еншісіне қалдырдық. Бұл күнделікті динамикалық түрде жүретін процесс. Түрлі факторлар әсер етеді. Бізге тек бақылау қалады.