МӘДЕНИЕТ
Позитивизм деген не?
Батыс философиясы түрлі даму кезеңдерінен өтті. Соңғы батыс философиясының негізгі бағыттарына мыналар жатады: феноменология, позитивизм, сыни рационализм, прагматизм, постпозитивизм, неокантианство, экзистенциализм, персонализм, структурализм, постмодернизм.
Позитивизм – қазіргі заманғы таным теориясынын бағыты. Оның негізін қалаушы – француз философы Огюст Конт (1798-1857). Позитивистердің пікірінше, «болмыс», «материя», «сана» және т.б ұғымдарға, страктылық ойлауға сүйенетін дәстүрлі философия енді жарамсыз, бебі, тек тәжірибе немесе ғылыми эксперимент арқылы тексерілген позитивті, жағымды білім ғана ақиқат, нақты, жаратылыстану ғылымдарына математикаға жақын философия ғана ақиқат философия.
Позитивизм – бұл принципке негізделген, яғни барлығы шынайы дейтін философиялық бағыт. Позитивтік білім жеке арнайы ғылымның және олардың синтетикалық бірігуінің жемісінен келіп тууы мүмкін, сонымен қатар философия ерекше ғылым ретінде ақиқатты өз бетімен іздеуді ұсынуға, ешқандай құқығы жоқ. Егер тілдік тұрғыдан алып қарасақ, сөз позитив «пост» -қа, «жұрнақ» -тивус «белсенді қатынас» және жұрнақ деп аударуға болатын -ысым ол «теория немесе ілім» синонимі.
Позитивизм өзі дамуында үш кезеңнен өтті:
Бірінші позитивизм жоғарыда аталған мәселелерді алғашқы болып қойып, философияның міндеті – объективті өмір сүруші материалдық дүние туралы нақты ғылымдар жинаған білімдерді қорыту және жүйелеу деп ымдады. Бұл кезеңнің екілдері – О.Конт, Г.Спенсер, Дж.Милль.
Махизм – дүниені түйсіктер жиынтығы ретінде бейнелеп, философия адам тәжірибесінің сезімдік негізін, психифизиологиялық формаларын сараптауы тиіс деп есептеді, яғни субъективтік идеализмге көбірек бет бұрды. Негізгі өкілі – австриялық физик Э.Мах.
Неопозитивизм – ғылыми теориялардың ақиқаттылығын, салтырмалы құндылығын анықтау тәсілдерін зерттеумен айналыс Өкілдері: К.Поппер, И.Лакатос, Т.Кун және т.б. Олар ғылыми білімд тексерудің негізігі принциптері ретінде верификация, фальсификация және конвенция принциптерін ұсынды.
Позитивизм дегеніміз, ақырында, практикалық көзқарас, материалдық ләззатқа деген шексіз сүйіспеншілік және шындықтың материалдық аспектілерін барлық нәрсеге басымдық беру тенденциясы.
Данат ЖАНАТАЕВ, Әл-Фараби атындағы
ҚазҰУ ф.ғ.к., доценті,
Мадиярбек Үміт,
қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының магистранты