Bugin
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты 2021 жылдың 30 наурызында сағат 11:00-де көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, жазушы, ақын, ғалым Асанбай Асқаровтың туғанына 100 жыл толуына арналған дөңгелек үстелге шақырады
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты 2021 жылдың 30 наурызында сағат 11:00-де көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, жазушы, ақын, ғалым Асанбай Асқаровтың туғанына 100 жыл толуына арналған дөңгелек үстелге шақырады.
Асанбай Асқарұлы Асқаров 1922 жылы 15 қыркүйекте Жамбыл облысы, Меркі ауданындағы Тәтті ауылында дүниеге келген. Орта ғана шаруасы бар әкесі Асқар 1930 жылы қайтыс болды. Асекеңнің атасы Асылбек би болған, ол 1916 жылы Ақкөз батыр бастаған көтеріліске қатысқан.
А.А. Асқаров мектептен кейін, Фрунзедегі педогогикалық училищені 1939 жылы бітіріп, мектепте орыс тілі мұғалімі болып еңбек жолын бастайды.
1942-1946 жылдары әскери міндетін өтеді, полк мектебінде саяси училищиде оқыды. Полковник. Әскерден оралған соң (1946) Мерке аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы, Жамбыл облыстық комсомол комитетінің бірінші хатшысы, Жамбыл облыстық компартиясының бюро мүшесі болған. 1951-1954 жылдары Мәскеу қаласының Орталық Комитетінің КОКП-сының жоғары партиялық мектебінде тыңдаушы, 1954-1958 жылдары Жамбыл облысындағы Красногорск және Мерке аудандарының партия комитеттерінің бірінші хатшысы, 1958-1959 жылдары Жамбыл облыстық кеңесі атқару комитетінің төрағасы, 1959-1965 жылдары Жамбыл облысының облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы, 1965-1978 жылдары Алматы облыстық обком партиясының бірінші хатшысы болған және Қазақстан Орталық комитеті Коммунистік партиясының бюро мүшесі қызметін атқарған.
1978-1985 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысы партия комитетінің бірінші хатшысы болып істеді. Ол Жоғарғы партия мектебін және кандидаттық диссертациясын өте жоғары бағамен қорғаған.
Көп жылдар КОКП және Қазақстан КП-сының Орталық Комитетінің мүщесі, КСРО және Қазақстан КСР Жоғарғы Кеңестерінің депутаты, Жамбыл, Алматы және Шымкент облыстық партия комитеттерінің бюро мүшесі, сол облыстардың атқару комитеттерінің депутаты болып сайланды.
Асанбай Асқарұлының көп жылдардағы Кеңес Үкіметі мен халқына, коммунистік партияға сіңірген еңбектері жоғары бағаланып, оған Социалистік Еңбек Ері атағы (1982) берілді. Асекең 5 рет Ленин орденімен, көптеген медальдар мен Құрмет грамоталарымен марапатталды.
1986 жылы Қазақстан Орталық Партия Комитетін Колбин басқарған кезде, одан кейін де Асекеңнің басына ауыр күндер туып, төт жылдан аса уақыт қамауда болды. Асқаровқа тағылған жала 80-жылдары белең алған қазақ зиялыларын қуғындаудың құрамдас бөлігі еді. Тергеу кезінде оған Желтоқсан көтерілісін (1986) ұйымдастыруға қатыстылығы, ұлтшылдығы сияқты «кінәләр» тағылды. А. Асқаровқа тағылған айыптың мүлдем негізсіздігі анықталып, Қырғыз Республикасы Жоғарғы соты төралқасының шешімімен ол толық ақталды және азаматтық құқықтары қалпына келтірілді.
А.А. Асқаров – экономика ғылымының кандидаты, Халықаралық Акмеология Ғылымдары академиясының академигі, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры. Асанбай Асқарұлы Асқаров – «Тағдыр» (1991), «Жұмақ пен тозақ жырлары» (1992), «Көзқарас» (1997), «Ұлы Тұранның ұлдары» (1998) және көптеген кітаптардың авторы. А. Асқарұлы 2001 жылдың 13 тамызында дүниеден озды.
Дөңгелек үстел модераторы М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры, ҚР ҰҒА корр.мүшесі Кенжехан Ісләмжанұлы Матыжанов. Баяндамашылар: ҚР ҰҒА-ның академигі, тарих ғылымының докторы, профессор Болат Ешмұхамбетұлы Көмеков; ҚР ҰҒА-ның академигі, экономика ғылымының докторы, профессор Оразалы Сәбденұлы Сәбден; ақын, драматург, мемлекет және қоғам қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Нұрлан Мырқасымұлы Оразалин; ақын, Қазақстан Жазушылар одағының Басқарманың орынбасары, ҚР Жоғары мектеп ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, ҚР ҰҒА корр-мүшесі Бауыржан Өміржанұлы Жақып; Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Шешенстанның ұлт намысы, ҚР «Парасат» ордендерінің иегері Рафаэль Ниязбеков; тарихшы, тарих ғылым кандидаты,
Қазақстандағы белгілі испан тілінің аудармашысы, Испания мен Латын Америкасы жазушыларының еңбектерін испан тілінен қазақ тіліне аударған Самат Көшенұлы Өтениязов; PhD докторы, аудармашы, А.Асқаровтың өлеңдерін түрік тіліне аударған Ашур Өздемир (Түркия); Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, публицист Мұқтар Қазыбек; М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бас ғылыми қызметкері, ф.ғ.д., профессор Гүлжаһан Жұмабердіқызы Орда.
Өнегелі өмір иесінің ұлағатты ғұмыры жайлы рухани кештің куәсі болыңыздар!