Қоғам
Уақыт - адамзатқа берілген құнды сый. Бірақ кей уақытта оны дұрыс жұмсамай жататын кездеріміз болады. Бұл әңгімеде Мұраттың айналысындағы жағымсыз пікірлерге қарамай, алдына нақты мақсат қойып, оған жетудегі табандылығы сөз етіледі
Оқудың аяқталуына аз ғана уақыт қалды. Бұл дегеніміз емтихан жақындады деген сөз. Мұраттың бар уайым-қайғысы тек емтиханды ойдағыдай тапсыру. Ол – өте оқымысты жігіт . Ашылып сөйлей алмаса да, адамдарға жылу сыйлағанды жаны сүйеді . Жанындағы достары оны менсінбейтін , пысқырып та қарамайтын. Тек сабақ жөнінде көмек керек бола қалған жағдайда ғана асты-үстіне түсетін . Бір күні асханадан шыға бере Жандос :
–Осы Мұраттың кітап оқудан басқа шаруасы жоқ па? Айналасына қарап, қыздарды қарату деген ойы бар ма өзі, -дей беріп еді , қасындағы Дастанда оны қостай жөнелді :
–Иә , айтпашы сол Мұратты. Кеше олимпиадаға қаншама сұлу қыздар келді . Біреуін болса да сындырып алмай ма ?! Сүмірейіп тестке дайындала бергенше, – деді күліп. Осы кезде биология пәнінің мұғалімі , сары өңді , толықша келген Айжан апайы жігіттердің жанына кеп:
–Амансыңдар ма, балаларым? Ертең бұйыртса облысқа тест тапсыруға барады екенсіңдер ғой . Сәттілік жандарым! - деп жылы лебізін білдірді де сыныбына кіріп кетті . Жігіттердің жанына Сайын қосылып, қуанышты жаңалығын айтты :
–Достар , ертең тестке кеше "инстадан " көрген анау бір қыз бар еді ғой , біз " соска " деп жүрген ше, – деп ағынан жарыла сөйледі . Кенеттен Дастан Сайынға тесіле қарап:
–Eee Маржан ба?
–Иәә , Маржан! Сол келеді екен. Сосын қасында құрбылары да бар .
–Бірақ емтиханды қайтеміз? Оған түк дайындығымыз жоқ.
–Ой, қоя салшы сол құрып кеткip тестті. Бастысы Маржанды бір көрсем болды, – деді Сайн ақырын ғана күліп .
Келесі күні тест те басталды . Мұрат емтихан алдында дұғасын оқып, анықтамаларын бір шолып өтті . Ал Дастан секілді жігіттердің көзі келгеннен бері тек қыздарда . Осылайша, емтихан да аяқталды . Қорытынды бойынша Мұрат 123 балл жинаса , Маржанның "поклонниктері" 30-50 балл алған . Мұрат жинаған баллын ести сала " анам естісе, қатты қуанатын болды! Әттең әкем жанымда болғанда ғой ... Жақсы , келесіде бұдан да асып түсемін " деп өзіне жігер берді . Жинаған баллынан еш шаруасы жоқ жігіттер құдды жоғары балл жинағандай :
–Анау Маржан маған үш рет қарады!
–Мына тестте аяқталып болмады ғой!
–Менде 34 балл шығыпты. Қойшы, мен жаңа бір қызбен таныстым.
Осылай әңгімелері өрби берді. Араға 3-4 ай салып, ендігі кезек ҰБТ-ға де келіп жетті. Маңызды емтиханнан өтіп, бәрі өз нәтижесінен хабар алуда. Түлектердің бір қатары еңсесі түсіп , көңіл күйі болмай шықса, екіншілері қуаныштан бар дауыстарымен айқайлап, атой салып жатқаны бар. Мектебінің мақтанышы Мұрат та 135 балл жинап, анасын ғана емес, бүкіл мектебін мәре-сәре қылды. Мұраттың жанына қолдауға келген ұстаздары жиналып құттықтауын жаудыртып жатыр. Енді Дастан, Сайын, Жандостарға келсек, олар тек ойын - сауықты ойлаймыз деп , ҰБТ-дан төмен жинап қалды . Алайда жігіттердің бұған еш еңселері түскен жоқ .
"Ой , ҰБТ өмірдің мәні емес қой! Мұнымен өмір тоқтамайды! Колледжге түсе саламын", - деді Жандос достарына қарап .
–Иә , дұрыс айтасың Жандос! Мұраттан бәрібір де ештеңе шықпайды . Ол кітап шұқимын деп жүргенде, біз қымбат деген клубтарға , каляндарға барып , шалқып өмір сүрмейміз бе, - деп күлді .
Арада 4 жыл өтті . Мұрат ең жоғарғы деңгейдегі ЖОО - ны үздік бағаға бітірді . Шет тілін меңгеріп , Калифорния қаласына оқуға тапсырды. Оқып қана қоймай, анасына көмектесу үшін кешкі уақытта мейрамханада даяшы болып та жұмыс істейді . Қазір Алматыда ағылшын тілінен курстар жүргізіп , бұдан да өз нәпақасын табуда . Соңғы кездері Мұраттың ғылыми жобаларға қызығушылығы артып , қазір үлкен ғылыми жоба жасау үстінде.
Енді үш жігітке оралсақ. Олар техникалық мамандық бойынша колледжге түскен болатын . Күндіз - түні түнгі клубтардан шықпай, оқу үлгерімдері нашарлаған . Осының кесірінен оқудан шыға жаздады . Тек ата - аналары азын аулақ ақша беріп , оқуларын жалғастыртқан жәйі бар. Колледжді бітіре салысымен Жандос көлік жуу тұрағында , Дастан мектепте күзетші, ал Сайын зауытта дәнекерлеуші болып жұмысқа тұрды . Олардың осылайша төрт жылы клуб, бильярд, карта секілді құны жоқ жерлерде өте шықты . Үшеуі әр демалыс күндері бас қосатын. Бұл жолы өздерінің сүйікті кафесінде жиналды. -
–Мұрат сол баяғы білім жолын қуып жүр ме? - деді Сайн.
–Иәә , әлі оқып жүр. Одан біз секілді бір - екі жыл ғана оқып , сосын бірден жұмыс істемей ме?, - деп Дастан Сайнды жақтай жөнелді .
Жандос Мұраттың әлеуметтік желідегі суреттерін көріп, мазақ қыла бастады.
–Мектепте көзілдірігін тастамайтын еді . Әлі тағып жүр екен . Не мынау киген киімі? - деп саусағын шұқшита көрсетіп.
Мәскеу қаласына Мұрат пен оның жетекшісі Рахым екеуі аман-есен жетті . Ғылыми жоба жарысына көрші елдерден көптеген жастар қауымы жиналған екен. Мұрат өзі танитын ғалымдардан кеңес алып, тілдесіп тұр . Алқалы топ жиналған бөлмеге түр-әлпеті қаталдау, жасы 60-тарды еңсерген профессор ортаға шығып жарыстың басталғанын мәлімдеп, қатысушыларға сәттілік тіледі . Барлығы ду қол шапалақтап, орындарына жайғасты.
Жан-жақтан жиналған жас ғалымдар әкелген жобаларын қорғауда. Ендігі кезек көп ұзамай Мұратқа да келді. Мұндай үлкен ортада сөз сөйлеу бірінші рет болмаса да , шет мемлекет , елден жырақта болғандықтан қобалжып тұрғаны рас. Таныстыратын жобасы ауылдың дамуына арналған. Өзінің туған жеріне деген ыстық ықыласын жеткізіп, ортаға тұшымды ойларын тастады. Жоба бітісімен беделді профессорлар Мұратқа қызығушылық танытып, өз тараптарынан ұсыныстар тастады. Көзді ашып жұмғанша жеңімпаздарды марапаттау рәсімі басталды . Жобаның шымылдығын ашқан ғалым енді көпті күттірген жеңімпаздың есімін атады :
–Бас жүлде Қазақстаннан келген жас ғалым Мұратқа табысталады! - деп гүл шоқтары мен сыйлықтарын жас бозбалаға ұсынды.
Сонымен қатар, қаржылай сыйлыққа да қол жеткізіп , елге қуанышпен қайтты. Арада 3 жыл өтеді. Үш жыл ішінде Мұрат білімі мен еңбекқорлығының арқасында талай жетістіктерге жетті. Жобасын сәтті аяқтап, мықты компаниялармен серіктес орнатты. Жобаның аясында ауылын жарықпен қамтып, ел алғысына бөленді.
Осылайша, Мұрат шет мемлекеттерге шығып , табысын дөңгелетіп жүр. Достары арзан киім дейтіндей емес , қазір ең сапалы деген киімдерді алады. Дастан айтқан " бағзы заманның" ұялы телефоннынан сапалы , соңғы үлгісіне ие болды. Мұның бәрі өз еңбегінің, уақытын тек жақсы дүниелерге жұмсағанының арқасы.
Жандос , Дастан және Сайын болса , іштерінде өткен уақытқа деген өкініш болса да , сырт көзге оны білдіргісі келмейді. Қорытындылай келе, уақыттың құны адамзат үшін әр кез бағалы. Оны игілікті дүниелерге жұмсай білсек, бізге берер сыйы көп . Өкінішке орай, қазір жоғарыдағы үш жігіт секілді уақыттарын текке жұмсайтын жастарымыздың қатары күннен-күнге көбеюде . Сондықтан уақыттың қадірін ұғынып , әр сәтін игілікке жұмсайық .
Құттыбай Жанель
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті,
Журналистика факультеті,
2 курс