Bugin

Цифрлық журналистика халық пен үкімет арасына дәнекер бола алды ма?

XXI - ғасыр озық технологиялар ғасыры

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

 Адамзат өркениетінің дамуы медиаға біршама өзгерістер алып келді. Әсіресе, заманауи технологиялардың арқасында қазір аудио, видео, инфографикалық ақпарат тарату журналистиканың дамуына жол ашты. Мультимедиалық журналистикадағы заманауи технологиялар интернет БАҚ – тың негізгі құралдарына айналды. Заманауи технологиялардың адам өмірінің барлық салаларында қолданылуы қоғам дамуының заңдылықтарын айқындап, әлеуметтік – саяси мәселелер жайлы мағлұмат беретін бұқаралық ақпарат құралдарына да жаңа тенденциялар әкелді.

Тарихқа көз жүгіртетін болсақ, бірнеше он жылдық бұрын баспа ісімен айналысатын журналистер мақала жариялау үшін және газет беттерін құрастыру үшін көп тер төгетін. Бүгінде цифрлы технологиялардың дамуы арқасында бұл мәселелерді шешіп, оқиғаны дәл уақытында жариялап, халыққа сенімді хабар жеткізуге мүмкіндіктер пайда болды. Күнделікті газет, журнал алуға уақыты жоқ, бірақ жаңалықтарды оқығысы келетін адамдар Nur.kz, Tengrinews, ztb.kz сияқты ақпарат агенттіктердің қосымшаларын жүктей алады.

 ҚР тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаев  “Қазақстанның үшінші жаһанды жаңғыруы: бәсекеге қабілеттілік” жолдауында “Цифрлы Қазақстан” бағдарламасын ұсынған болатын. Мақсаты цифрлы технологиялар қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендету, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу, қазақстандықтардың өмір сапасын арттыру болатын.

Бұл өзгерістер, бұқаралық ақпарат беру саласында жұмыс атқарушыларды тілшілер мен журналисттерді түрлі компьютерлік қосымшалар мен бағдарламаларды меңгеруге тиістендірді.

 Цифрлы журналистика – адам өмірін жарқын жаңалықтармен толықтырып, халық пен үкімет арасындағы дәнекерге айналды. Бұл журналистика саласының заман ағымы мен қоғам талабы өзгерсе де, басты мақсаты – объективті әрі шынайы ақпарат жеткізу болып табылады. Цифрлы журналистика саласы әрдайым жаңарып, өркендеп отырса да, журналистиканың дәстүрлі жанры жоғалмайды деп ойлаймын, себебі ол ақпарат саласының негізі және бастамасы. Қорыта айтқанда, қазіргі цифрлы технологиялар арқасында журналистика бұдан бетер өркендейді деген ойдамын.