Саясат
Ауыл
1 сынып оқитын қарындасымның сөзі бұл. Мектеп кездерім еске түссе жаурай беремін. Қыста мектебім салқын еді. Оны мойындаймын. Тіпті оны басшылық та мойындайды. Қыс келсе берекеміз кететін. Сабақта қалың күртемен отыратынбыз. Айтуларынша отты тиісінше жағып жатқанымен мектеп жылымайды екен. "Даңғарадай мектепті жылыту оңай емес" деп жүр едік. Кейін облыстан тексеріс келетін болды. Бұл жаңалық 2 апта алдын келген болатын. Сол кіслер қалай келді, мектеп жылып кетті. Жүректері жылы болса керек, мектебімізде күртені шешіп, еркін жүрдік. Ол кісілер 2-3 күн жүрді да кейін қайтып кетті. Олар кетіп еді, мектеп салқыдап қалды. "Жүректерінде жылуы бар жандар жиі келсе ғой" деп армандайтын кездер де болатын. Әр жылда осы. Қалың киініп отырамыз, қатты суық кезде бастауыш сыныптың балаларын сабақтан қайтарып жіберетін. Жел соқса жарық өшетін де әйтеуір берекеміз қашатын. Әнеукүні қыстық каникул кезінде ауылға барып қайттым. Қарындасымды сабағынан алып кетуге ертерек келіп едім мектепке. Жарық өшіп қалған. Мектеп сол баяғыдай. Мұғалімдер отыр екен барсам бастарын ұстап. Жаңадан "Күнделік.kz" деген дүние шығыпты. Жарық жоқ, жарықсыз ғаламторға қосылу жоқ. Не керек, бірінің қолын бірі байлап отыр. Бағалар қойылмаған, үй тапсырмалары жазылмаған. ал, саәйтты білім министрлігі бақылап отыр. Қарындасым сабақтан шықты. Шыға салып айтқан сөзі «аға, жаурап кеттім». Жүрегім қатты аурыып кетті сол кезде. Біз жаурап едік, енді кішкене қарындасым жаурады. "Кейін балалармы да жаурайтын болар" деп мырс еттім де шығып кеттім. Бұл тек мен көрген көрініс қана. Қаншама ауылдар бар, газ әлі өтпеген соң мектептері суық, жарығы жылдам сөнетін. Кейбір ауылдарда тіпті ғаламтор атымен жоқ. Олар әлгі "Күнделік.кз"-ті қалай пайдаланып жүр екен?!
Ойдың бәрі шетел болып, ауылдың жағдайы шет қалды ғой қазір. Шет қалған жерден шу шығатынын астанадағы "5 періште" оқиғасынан білеміз . Қазақылықтың қаймағын бұзбай сақтап отырған ауылдарды сәл де болса ескерсек екен. "бабаларымыз шамның жарығымен кітап оқып, пештің ысымен жылынып, жетілген" дейтін заман өтті ғой. "Рухани жаңғыруда" жаңару жетпеген ауылдардан "Жастар" жылында жастық жылудың лебі ессе екен. Өшпейтін жарық болса білім ізденіп, көгімізге шығып күн болар жастар шығатын ауылды естен шығармайық.