Қоғам
Мен ана емеспін. Бірақ балардың тағдыры туралы ойымды айтуға құқылымын деп ойлаймын
Үлкендер ата-ана атанбас бұрын өмірге бала əкелудің қандай жауапкершілік екенін түсініп алса... Баланы туа сала əке -шешесіне, бауырларына беріп немесе күтушіге бақтырып қояды. Құдды ата -анасы мен күтуші үшін туғандай. Киімі бүтін, қарны тоқ болса болды, кейін тұрмысым түзелгенде қайтып аламын деген психология тұр мұның артында. Баласы өскен соң "сен үшін жұмыс істеп жатырмын" деп міндетсінетіні тағы бар. Баласының тəрбиесі дұрыс болмаса, баққан адамды кіналайды. Сөйтіп бала психолгиясына кері əсер етудің арты агрессияға алып келетінін түсінбейді. Кәмелетке толмай жатып, аяғы ауыр болып жатқан қыз балалар қаншама? Мұның бәрі баланың қараусыз қалғанынан деп ойлаймын.
Қазір балалар əлеуметтік желіде еш қадағалаусыз отырады. Мысалы, " ВКонтакте " желісінде баласының кіммен, не туралы сөйлесіп отырғанын ата -ана білмейді. Кейін түрлі жағдайлар болғаннан кейін ғана парақшасын ашып, көріп жатады.
Осыдан екі жыл бұрын " ВКонтакте " желісінде бір жігітпен таныстым. Бірден ыңғайсыз сұрақ қойды əлгі жігіт. Мен де қасарысып жауап бердім. Сөз соңында осы уақытқа дейін 12 жастағы қызбен "көңіл көтергенін" мақтанышпен айтты. Азғын адам екенін айтып, қара тізімге жібердім. Мені қайран қалдырғаны, кейбір ата-аналардың балалары зорлық көріп жатса да басынан өткерген соң мəн бермейтін шығар. Заң бойынша, зорлық жасаған мерзімнен 15 жыл өтіп кетсе, қылмыстық жауаптан босатылады екен . Он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалды сипаттағы өзге де əрекеттер жасағаны үшін көп жылға бостандығынан айыру жазасына кесіледі екен. Айналамда болып жатқан осындай жайттардан кейін " бала тəрбиелеуге дайынмын ба, дайын емеспін бе?" деген сұрақ мазалайды.
Тұрмыста емеспін. Бірақ мені бала тəрбиесі мені оның болашағы қатты алаңдатады.