Қоғам

Кінәлі флирт: Жадыра – жезөкше, ал Гүлсезім – бақытты әйел

Флирт кезінде ерлер иығын тіктеп, қарнын тартады, ал қыздар кірпіктерін жымыңдатып, майыса кетеді

Авторларды қолдау орталығы

8 800 004 04 20

Дс-Жм 09:00-18:00

Флирт дегенде сіздің де ойыңызға жағымсыз әсер келе ме? Алайда флиртті кез келген адам жасайды, тіпті сіз де. Мұны қате пікір деп санайтын болсаңыз, сіз флирт сөзінің мағынасын толық түсінбейсіз. Ал шын мәнінде флирт дегеніміз не? Бүгін осы сұраққа толық жауап іздеп көрейік.

Флирт дегеніміз не?

Флирт – адамды өзіне қарату тәсілі. Ол әрекет пен сөз арқылы жүзеге асады. Ағылшын тілінен енген флирт сөзі «кездесу», «ессіз ғашық болу», «қырындау» деген мағынаны білдіреді.

Флирттің маңызы 

Флирт – негізінен кез келген адам үшін маңызды қадам. Флирт арқылы тіпті танысқаныңызға бір күн де болмаған адамның сеніміне кіруіңіз мүмкін. Ең бастысы, әр әрекетіңізден шынайлық сезілуі тиіс. Өзіңізге қарату үшін қыздың қысқа шашын "шашың ұзын екен" деп асыра сілтеу орынсыз. 

Флирттің түрлері

Мәскеу университеті жүргізген зерттеуге сүйенсек, флиртің 5 түрі бар:

  • Қарапайым флирт
  • Физикалық флирт
  • Шынайы флирт
  • Мақсатты флирт
  • Сыпайы флирт

Қарапайым флирт

Қарапайым флирттегі алғашқы қадамды ер адам жасайды. Ал қыз ақ боз атты ханзадасынан түрлі әрекеттерді күтеді. Қыз армандайды. Жігіт сол арманды жүзеге асыруға тырысады.  Қарапайым флиртке қыз бен жігіттің әлеуметтік желідегі танысуы мысал бола алады. 

Гүлсезімнің оқиғасы

Студент. Жасы 18-де. Семей қаласының тұрғыны. Жарысқа қатыспақ болып Tik-Tok-та өзінің қызықты видеосымен бөліседі. Сол уақыттан бері оған бірнеше хаттар келеді. Тартымды қыз болғандықтан, таныс емес жігіттердің жазуы ол үшін қалыпты жағдай. Жауап қайтармайды. Таныспайды. Тек сол хаттардың ішіндегі Руслан есімді жігіттің флирті қызға әсер етеді. Әдетте жауап қайтармаған қызға жігіттер қайта жазбайды. Ал Руслан ондай емес еді.  Арадағы таныстық достыққа, кейін қарым-қатынасқа ұласады. Желідегі флирт жылы сөзбен ғана емес, курьер арқылы сыйлық беруге дейін апарады. Алайда жігіт басқа қаладан болғандықтан жақын арада кездесу мүмкін емес еді. Арада 5 ай өткен соң алғашқы кездесу Алматы қаласында болады. Гүлсезімнің оқиғасында әлеуметтік желідегі флирт шынайы өз адамын жолықтыруға көмектеседі. 

Физикалық флирт

Физикалық флиртті ұнататындар сөзден гөрі істі сүйеді. Қолынан ұстап, жақын отырғанды әлдеқайда ұнатады. Физикалық флирт жасайтын жандар үшін сүйісу – ұнатудың қарапайым белгісі. Ал сезім үшін емес, ләззат алу үшін сүйісудің соңы қайғыға душар етуі мүмкін. 

Жадыраның тағдыры

Қазір Жадыраның жасы 40-та. Физикалық флирт Жадыраның өмірін күрт өзгертті. Алғашында жігіттің жылы сөзіне алданып пәктігінен айырылады. Жадыра өзіне физикалық жақындықтың ұнайтынын сезеді. Оны пәктігінен айырған жігіт жол апатынан қаза табады. Ал Жадыраның сол сәтте аяғы ауыр еді. Қатты күйзелген Жадыра баласынан айырылады. Үнемі жыныстық қатынасты қалайтын болады. Физикалық флирттің соңы оны жезекшөлікке жетелейді.

Шынайы флирт

Шынайы флирт бәріне таныс. Кез келген ортада сырттай ұнаған адамыңызбен таныса кетесіз. Сізді "Сүйікті кітабы қандай?", "Немен айналысқанды ұнатады?" сынды сұрақ қызықтырады. Шынайы флиртте эмоция басым болады.

Аяланың арманы

Аяла үшін махаббат шынымен ерекше сезім. Біреуге ғашық болу оған қуаныш сыйлайтын. Осындай сезімде жүрген күнінде бір жігіттің өзіне қызығушылығын байқайды. Шынайы флирт Аяланың сезімін ғашықтыққа дейін апарады. Алайда Аяла үйленуге дайын емес еді. Олардың қатынасы аяқсыз қалады. Шынайы флирттің бәрі отбасын құрумен аяқталмайды.

Мақсатты флирт

Мақсатты флирттегі қарым-қатынас үнемі аяқсыз қалады. Сізді белгілі бір мақсатына жету үшін пайдаланады. Өз ойын жүзеге асырған соң қатынас тоқтайды. Мақсатты флиртте сезімнен гөрі ойын басым.

Амангүлдің алдануы

Амангүл 3 балалы ана. Ажырасқан. Өзін қатты күтпегендіктен оған жігіттердің назары да аумайтын. Амангүлді алдауға түсірген мақсатты флирт еді. Оны ұзақ зерттеген отбасылы жігіт Амангүлді сендіріп тұзағына түсіреді. Одан қарызға ақша сұрап, банктен несие алдырады. Ақыр соңында жігіт ізім ғайым жоғалады. Мақсатты флирттің көздегені де – пайда.

Сыпайы флирт

Флирттің бұл түрі интроверт адамдарға тән. Олар өз сезімдерін білдіруден, бәрін ашық айтудан ұялады. Флиртте ашықтықтан ұялау басым. Сыпайы флирт көбінесе қатынаста тәжірибиесі жоқ жандарда болады.

Көркемнің көргені

Даниярдың ата-анасы ерте қайтыс болғандықтан өзін бақытсыз сезінетін. Қызға сезімін білдіру, тіпті флирт жасау оның ойында болмайтын. Жасы 30-ға келгенде жақын достары оны үйлендіруге асығады. Сол уақытта Данияр бір қызбен алғаш танысқан еді. Көркем есімді қыз оған ұнайды. Даниярдың Көркемге деген көзқарасы сыпайы флиртке жататын. Артық сөз де романтикалық кездесу де болмайтын. Алайда екеуінің қатынасы үйленумен аяқталды. 

Әлеуметтік желідегі флирттің 4 белгісі 

Қызықты әңгіме

Кез келген адам өзі жайлы айтқанды ұнатады. Сізді «Сен өте сұлусың», «Сенің сұлулығыңа қарап отырғым келеді» сынды тіркестермен мақтайды. Бұл қызықты әңгіме айтуға бірден-бір жол. 

Әзілдесу

Желідегі ең маңызды қатынастың түрі – қалжыңдасу. Кей адамдарда орынсыз әзілдің салдарынан түсініспеушілік пайда болады. Қалжыңдасу – шынымен қауіпті. Алайда әзіліңіз жарасса, сіздің адамыңыз болуы әбден мүмкін. 

Еркіндік

Адамдар сөйлесуде еркіндікті қалайды. Сондықтан күнделікті өмірде сарказммен сөйлемесеңіз, әлеуметтік желіде бұл қайталанбауы тиіс. Еркін флирт жасаған адамдармен сөйлесу оңайырақ.

Әсерлі қоштасу

Әлеуметтік желіде «Ертеңге дейін...», «Қайырлы түн!» сынды тіркестер жиі қолданылады. Әсерлі қоштасу адамның өзіне деген қызығушылығын арттырады. 

Жігіттің қырындағанын қалай білуге болады?

Келбетіне назар аударады

Сізді көргенде бет әлпетін бірден қалыпқа келтіреді. Өзін көрсетуге тырысады. Назарыңызды тек жақсы жағына аудартып, бар кемшілігін жасырады. Мұндай жағдайда алғашқы қадам жасаудан қорықпайды.

Денесін тік ұстайды

Иығын тік ұстап, қарнын ішке тартады. Тыныс алуы жиілейді. Көз қарашығы үлкейеді. Иегі алға шығады. Ер адамдарға өзін басқару қиын. Сондықтан өзін физикалық тұрғыдан мықты етіп көрсетеді.

Қолын қалтаға салады

Ерлер қолын қалтаға салғанды ұнатады. Белдігін жоғары көтереді. Мұндағы мақсат – өзінің жыныс мүшесіне назар аударту. Өзінің жыныстық қатынастағы физикалық мүмкіндігін көрсету.

Өзін еркін сезінеді

Отырғанда аяғын кеңге салады. Денесін еркін ұстайды. Кейде қасын көтереді. Бұл барлығына тәуелді әдет емес. Қастарын көтеруі сізді ұнататындығын білдіреді. 

Дауыс ырғағын өзгертеді

Дауысын қатты шығару арқылы «Мен еркекпін», «Мен басқара аламын» деген бейсаналы ойын жеткізеді. Өзінің шешім қабылдап, басқара алатынын білдіртеді. Әйелдер құлақпен сүйгіш. Бұл қағиданы білетін жігіттер мақтау айтып, сізді еркелетуге тырысады. Алайда өзінің ғашықтық сезімдерін жасырын ұстайды.

Әйелдердегі флирттің 5 белгісі

Шапшаң қозғалады

Ұнатқан ер адамды көргенде әйелдің қозғалысы жылдамдай түседі. Айнаға жиі қарап, бет-әлпетін дереу ретке келтіреді. Киімін тартымды көрінетіндей түзеп қояды.

Көздегі жалын

Әйелдер өз сезімін басқара алады. Алайда көдері арқылы бәрін білдіріп қояды. Сонымен қатар, ұялғанынан бетінің қызара түсетіні де бар. Жалпы, көңіл күйі көтеріліп, жүзі балбұл жайнағанынан-ақ жігітке деген сезімінің барын біле берсеңіз болады. 

Кірпік қағу

Көздің ашылып, жұмылуы – қалыпты процесс. Ал флирт кезінде әйелдер жиі кірпік қағады. Көзін жымыңдату арқылы сезімін білдіріп тұрғанын түсінуге болады.

Дауыстағы өзгеріс

Флирт кезінде әйелдердің дауысы әлдеқайда нәзік әрі әуезді бола түседі. Сізді мақтай түседі. Әңгімесіне есіміңізді жиі қосады.

Шашымен ойнайды

Жанында ұнатқан жігіт тұрғанда кез келген қыз баласы шашымен ойнай бастайды. Қолдарымен шашын қайта-қайта ұстап, майыса кетеді.

Автор ретінде тіркеліп ақша табыңыз