МӘДЕНИЕТ
Адам баласын жетістікке жетелейтін де, құзға апаратын да бойындағы қасиеттері. Бұл әңгімеде Талғат есімді кейіпкердің тәкаппарлығы сөз болмақ. Атақ- даңқ қуамын деп, баласына да көңіл бөлмейді. Уақыт өте келе баласының айтқае сөздерінен кейін өмірі күрт өзгереді.
Сәуір айының орта шағы. Қалада бүгін салқын жел леп беріп тұр. Көшедегі адамдарға қарасаң, бәрі өз шаруаларымен асығып, күйбең тіршілік қамымен жүр. Бір орта жастағы ер кісі көшеде жүріп бара жатып бір қолымен ұялы телефонмен сөйлесіп, екінші қолымен баласының сөмкесін иығына асып жатыр. Дәл осылай Дидар да жұмысқа тым ерте бара жатыр. Мінезі қыңыр бастығынан сөз естімейін деп қалбалақтап жүрген жайы бар. Ұстаздық жолында жүргеніне 30 жылдан асты. Бірақ, бұны басқаларға мақтанып айтқысы келмейді. Әйелі- Жамал қарапайым үй шаруасындағы әйел. Қара торы, толықша келген, арнаулы білімі болмаса да кез келген істі алып кетеді. Содан болар жанындағылары оған " Пысық Жамал" деп ат қойып алған. Дидар екеуінің Сәбина атты кішкентай қылықты 5 жасар қыздары бар.
Дидар әдеттегідей мұғалімдер кеңсесіне келіп, орнына жайғасты. Сөмкесін үстел үстіне қоя қойып еді, бастығы Талғат :
– Ұстаз деген атқа лайық болу керек қой! Не мынау, сөмкеңізді үстелге қойып! Орындыққа яки шкаф ішіне салмайсыз ба? Не деген мәдениетсіздік! – деп кеңсесіне кете барды.
Бастығының осындай түкке жарамайтын сөгістеріне Дидардың еті әбден үйренген. Оның әр қадамын аңдып, тырнақтан кір іздеп отырады. Себебі, Дидардың ортадағы мерейін, оқушыларының жетістіктерін көре алмайды. Өзі болса мектеп басшылығына тек танысымен кірсе де, өзін құдды "мен осы қызметке көп жыл еңбек етіп келдім " дегендей әріптестерін шыбын құрлы көрмейді.
Жұмыс уақыты бітті. Барлық оқушылар үйлеріне тарап жатыр. Дидар да ертең жарысқа апаратын оқушысымен ақылдасып, кітаптарын беріп жатыр екен. Осы тұста бастық сымағы Талғат:
– Ай, осы сендер неге жарысқа сонша ынтықпен дайындаласыңдар? Қазір бәрі тек ақшамен шешіледі ғой. Мен талай жарыстарда түрлі жемқорларды көріп жүрмін. Сенің шәкіртің ертең ештеңе алмайды. Берер ақшаң жоқ, босқа үміт бермесеңші! – деп айтып алды да көлігіне мінді.
Дидар Талғатқа айтуын айтқысы келеді. Алайда, жалақасы қысқарып қалама деген үреймен жәй ғана үнсіздік танытады. Әйтпесе ішінде бір-ақ ауыз сөзбен сабасына келтіретін жауабы дайын тұр. Мысалы, өткен айда дәл осылай бастығы ақыл айтқан кезде оған Дидар тұшымды жауап айтқан. Соны ол көп көріп, "өзінен үлкен лауазымдағы адамға қалай сөйлейсің?" деп сабақ беретін сағаттарын қысқартты.
Көктемде мұғалімдер мен оқушылар қызу дайындық үстінде болады. Себебі, атаулы жарыстар осы мезгілде жиі өтеді. Дидар өзі сабақ беретін физика пәнінен оқушыларын дайындап, күндіз-түні бақылауына алып жүр. Мектеп басшысы Талғат та математика сабағынан оқушыларына күрделі деген есептерді көрсетуде. Жарысқа апаратын жеңіл көліктер жүйіткіп келіп жатты. Бәрі тойған қозыдай сыйысып, мектептің намысы үшін деп аттана жөнелді. Қалаға да жетіп, әне-міне дегенше жарыс та басталды. Талғат Дидардың жанына отырып:
– Қазір менің оқушым бас жүлде алады! Оған еш шүбәм жоқ! Өйткені, ол Әбекеңнің баласы ғой! Әбекең қазылар алқасына бірнәрсе берер деп өзім іштей дәмеленіп қоямын! – деп жан жағына қарап, саспай қарқылдап күліп отыр. Иә, Әбекең дегені ол ауылдың ақсүйектерінің бірі. Қорасы малға, үйі сәнді,қымбат дүниелерге толы бай адам. Талғат сол кісінің жанынан шықпай, "Әбеке" деп асты- стіне түседі. Бірақ, ол кісінің алып бара жатқан білімі жоқ еді.
Бірер сағаттардан соң жарыстың қорытындысы да шықты. Жиналған жұрттың екі көзі тек қазылар алқасында. Жарыстың нәтижесі бойынша, 2-орынды Дидардың оқушысы иеленіпті. Ал Талғаттың оқушысына ештеңе бұйырмапты. Дидар мен оқушысы қуанып, жүлделерін алып мәз . Бағанағы Талғаттың сөздерінен кейін Дидардың еңсесі түсіп кетіп еді. Тіпті, орын алудан да үмітін үзген. Енді бәрі де өз көліктерімен ауылдарына қайтуға қамданып жатыр. Талғат оқушысына айқайлап тастағысы келеді, әттең тілі батпайды. Дидарға да ләм демей, бірден ауылға тартты.
Дидардың мектепте жақсы көретін бір оқушысы бар. Оны тіпті өз баласындай көріп, кеңесін айтудан жалықпайтын. Ол – бастығы Талғаттың кенже ұлы Дәулет. Жасы небәрі 14 те болса да айтар ойлары, мақұлдар шешімдері үлкен кісінікіндей. Талғат осы баласын " Кімге ұқсаған данагөйсің өзің? Тасташы сол кітаптарды! Ендігәрі Дидар ағайыңмен шүйіркелесуші болма! Суқаным сүймейді сол сүмелекті!" дегенді күн сайын айтады. Себебі, сабақтан қайтарда Дидар мен Дәулет, сосын қасында тағы шәкірттерімен бүгінгі күндеріне есеп беретін. Дидар Дәулеттің бастығына ұқсамағанына іштей қуанады. Болашағынан күтер үміті көп. Ал басқа балалары болса мектептің бұзықтары.
Бір күні мектепте оқушыларға арналған үлкен байқау өтті. Қатысушы балалардың санында шек жоқ. Байқау шарты – әкесі мен баласы сайыстың кезеңдерінен өтуі керек. Дәулет бұл жарысты көптен бері асыға күтіп еді. Себебі, әкесімен қарым-қатынасы шикілеу. Бірге шахмат ойнайын десе, әкесі бағанғы "Әбекең" дегендермен карта ойнауға кететін. Ал ағаларының зейіндері тек компьютерде. Бала жүрегінде әкеге деген сағыныш әлі де бар. Осы олқылықтың орнын ұстазы Дидар толтыратын. Сабақтан тыс үзіліс кезінде бірге шахмат ойнайды.
Талғат баласына сайысқа қатысамын деп уәде берген болатын. Бірінші кезеңде 5 топ бақ сынайды. Осы кезде Талғат ішінен "Сонда мен мектеп басшысы бола тұра, мынадай қарапайым адамдармен бірге сахнада өнер көрсетемін бе? Қап, облыстан Сәкеңдер келіпті. Олардан ұят болар, одан да өз дәрежемдегілермен бірге отырайын" деп шығып кетті. Сайыстың басталуына жарты сағат қана қалды. Әкесінің кетіп бара жатқанын көрген Дәулет :
– Әке! – деп артынан жүгірді.
Талғат еш саспастан:
– Балам, менің тамағым сәл ауырып тұр еді. Жарысқа қатыса алмаймын. Сені ұятқа қалдырғым келмейді.
– Әке, онда тұрған ештеңе жоқ қой! Анау Сәбиттің әкесі де дұрыс жүре алмай жүр. Сонда да қатысып жүр емес пе, әке?!
Талғат ашуға беріліп:
– Жә, доғар, жүгермек! Жай айтқанға неге түсінбейсің сен бәле?! Облыстан білім басқармасының адамдары келіпті. Не, мен сонда әлгі ауылдың жай-жапсарларымен өнер көрсетемін бе? Сонда менің "мектеп басшысы " деген атағым қайда қалады?
Осы сөздерден соң Дәулет көзі жасқа толып:
– Әке-е-е, – деп жылаңқыраған дауыспен тіл қатты. Дәулет бар ойын жинақтап, көз жасын сүртіп:
– Сіз, әке! Бар ойлайтыныңыз – тек атақ-даңқ. Жалғыз маған емес, басқа балаларыңызға да көңіл бөлмейсіз! Сізден бір де бір рет әке жылуын сезінбедім. Ертең сіз өлгенде анау "Сәке, Мәкелерің" көңіл айтпайды да ғой! Оларға сіздің тек дәрежеңіз керек. Біз – отбасыңыз сізге демеу болатын. Сосын тағы айтарым, Дидар ағайды неге менсінбейсіз? Ол менің әкемдей болған жан! Иә, ол қарапайым мұғалім шығар. Бірақ бүкіл ауыл жұрты оны сізден де қатты құрметтейді. Сіздің осындай пасықтығыңыздан шаршадым! Кете беріңіз сол "Сәкелеріңізге" – деген отты сөздерін айтып, сахна сыртында тұрған Дидар ағайын құшақтап алды.
Дәулеттің беті қып-қызыл боп кеткен. Ашудан тіпті қолындағы қағазын мыжып тастапты:
– Ағай, сіз менің әкем болып сайысқа қатысыңызшы!
– Әрине, балам! Неге қатыспайын! Жүр, алдымен беті-қолыңды жуып келейік! – деп кете жөнелді.
Талғат тұрған орнында еш қозғалмай, абыржып тұр. Баласының сөздері оған оқ атқандай дәл тиді. Баласының Дидармен бірге қол ұстасып кетіп бара жатқан сәті жанына қатты батты. Бұрын жасаған істеріне қатты өкініп, өзін жек көріп кетті. Мектептен шыға сала, көлігіне отырып, біраз ой үстінде болды. Басқа адамдарға қарар шамасы жоқ. Кенеттен Дидардың сыртта ауыл адамдармен емін-еркін әңгіме айтып тұрғанын көреді. Байқап қараса, Талғат осы уақытқа дейін бірде бір рет ауылдың қарапайым тұрғындарымен көсіліп сөйлеспепті. Тек қана бастықтарымен, байлармен ғана уақыт өткізіпті. "Мектеп басшысы " деген лауазымы болмаса , ол өзін Дидардың жанында түкке тұрмайтын адам ретінде сезінді.
Біраз апта бойы Талғат тұйықталып, ешкіммен ашылып сөйлеспей кетті. Өмірі 360°-қа өзгерді. Мектеп ауласындағы жұмыскерлермен амандаспайтын еді, бүгін аман-саулықтарын сұрап жатыр. Мектеп кеңсесіне де көп бас сұқпайтын еді. Бүгін кеңсеге кіріп, қал жағдайларын білді. Мектепті жөндеуге бөлген қаржыны тек өз кеңсесін әрлеуге жұмсайтын еді. Бүгін, міне, сол көптен күткен іске бел сыбана кірісті. Айтпақшы, Дидардан өткен істері үшін кешірім сұрады. Дидарды өзінің оң қолы ретінде тағайындап, лауазымын өсірді.
Қорытындылай келе, халық даналығында «Тәкәппарлықты тәңірі сүймес», «Тәкәппарлық тек қана Аллаға ғана жарасады» деген сөздер бар. Дінімізде бұл жат мінезді құптамаған. Алла тағала Қасиетті Құран Кәрімде: «Жер бетінде тәкәппарланып жүрме! Өйткені сен ешқашан жерді тесіп кете алмайсың және таулардан биік бола алмайсың. Бұлардың барлығы Раббыңның құзырында жек көрінішті жаман қылықтар саналады» - деген. Тағы бір аятта Алла тағала: «Адамдарға паңданып (тәкаппарлықпен) қырын қарама және жерде тәкаппарланып жүрме. Шынында Алла тағала даңдайсыған мақтаншақтарды сүймейді. " Иә, тәкаппарлық, мақтаншақтық деген қасиеттер адамды ешқашан өрге апармайды. Кейіпкер Талғатта байлықтан көзі ашылмай, отбасынан, жан - жағындағы адамдардан суып кеткен. Ендеше, әрдайым жүрегімізді тек иманға толтырып, байлыққа, дәрежеге құнықпайық, достар!
Құттыбай Жанель