МӘДЕНИЕТ

Қабдеш Жұмаділов дүниеден озды

Қабдеш Жұмаділов 85 жасқа таяған шағында өмірден озды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстанның халық жазушысы Қабдеш Жұмаділов 2021 жылдың 5 сәуірінде таңғы уақытта өмірден озды, деп хабарлайды Bugin.kz платформасы.

Мұны Bugin.kz тлішісіне Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Ақберен Елгезек растады.

Ақберен Елгезектің айтуынша, Қабдеш Жұмаділов Covid-19 дертімен ауруханаға түскен. 

"Қабдеш Жұмаділов негізінен жүрек жетіспеушілігінен қайтыс болды. Алайда коронавируспен ауруханаға жатқызылған", - деді ақын.

Қабдеш Жұмаділов  1936 жылы 24 сәуірде ҚХР, Шыңжаң өлкесі, Тарбағатай аймағы, Шәуешек ауданында дүниеге келген.

Қазақстанның халық жазушысы. Шәуешек гимназиясын бітіріп, жолдамамен ҚазҰУ-не (1956) түседі. 1958 жылы Қытай үкіметі органдары кері шақырып алады. Кейін 1962 ж. Бақты шекарасын бұзып өткен қазақ жастарымен Қазақстанға біржола оралған соң, ҚазҰУ-ды бітірді (1965).

Оның «Жас дәурен»өлеңдер, «Қаздар қайтып барады», «Сары жайлау», «Шарайна», «Сәйгүліктер» әңгіме, повесть жинақтары, «Көкейкесті», «Бақыт жолында», «Атамекен» т. б. романдары, «Соңғы көш» оқырман қауымға жақсы таныс. Жұмаділовке Шығыс Түркістандағы қазақтардың өмірі мен азаттығы жолындағы күресі суреттелген «Тағдыр» романы үшін Қазақстан Республикасының Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығы берілген.

Қазақ әдебиеті газетінде (1965 - 67), Жазушы баспасында (1967- 76), Қазақстанның Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитетінде (1976 - 81) қызмет істеген. 1981 жылдан шығарманың жұмыста.

Жұмаділовтің алғашқы өлеңдері 1954 жылдан жергілікті баспасөз беттерінде, ал Жамал тырнақалды әңгімесі 1956 жылы Үрімжіде шығатын Шұғыла журналында жарияланған. Жұмаділовтің өлеңдер жинағы, сегіз роман, бес повесть, ондаған әңгіме, мақалалар жинақтары жарық корген. Олардың негізгілері «Қаздар қайтып барады» (1967) атты әңгімелер жинағы, «Көкейкесті» (1969), «Соңғы көш» (1974 - 81), «Атамекен» (1985), «Тағдыр» (1988) романдары, «Соңғы көш» (1-кітап 1974; 2-кітап 1981) және «Дарабоз» (1-кітап 1994; 2-кітап 1996) дилогиялары. Жұмаділовтің соңғы жылдардағы көлемді шығармасы – «Таңғажайып дүние «(1998) ғұмырнамалық, Қылкөпір (2003) романдары.