Білім және ғылым

Медиасауатты болу үшін...

Әрбір адам – медиа. Ал ақпараттың бәрі рас бола бермейді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Медиасауаттылық – бұл ақпаратты дұрыс іздеу, тексеру, анализ жасау және сыни ойлау.

Медиасауатты болу үшін:

1. Әр ақпаратқа мұқият болу

2. Күмәндану

3. Фактілерді тексеру

4. Мүмкіндігінше көп сұрақ қою

Ақпарат шынайы, жалған, бұрмаланады және фейк болады.

Бұрмалану = манипуляция. Бұрмаланған ақпарат:

1) Абайсызда: әлеуметтік желіде, қалжындасқанда, түсінбестіктен;

2) Әдейі: маркетингте, саясатта, жарнамада, әдебиетте, тарихта;

Ақпарат қандай жағдайда бұрмаланады?

1. Контекстен суырып, бөліп алып көрсеткенде;

2. Статистикаларды жасырғанда;

3. Пайда және өзінің тауарын өткізгісі келгенде;

4. Популистік мәлімдемелерде, сөздерде, сөйлемдерде;

Фейк  - ойдан құрастырылған жалған жаңалық. Мұны белгілі тұлғаның беделін түсіру барысында құрастырылады. 

Фейктің түрлері:

1. Қарапайым фейк (бүйтіп қапты, сүйтіп қапты);

2. Уақытқа, орынға байланысты (Мысалы, Арыс қаласы бойынша);

3. Зомби-фейк (өлмейтін, қайталана беретін ақпараттар);

4. Видео, фото және аудио;

5. Фейк аккаунттар, жанарнамалар, ойында, боттар;

Оларды қалай ажыратамыз, қалай алданбаймыз?

1) Сыни ойлау;

2) Күдікті болуы;

3) Іздеу, Google-ды пайдалану;

4) Ресми ақпараттар қарау;

Қалай тексереміз?

1. Google Фото

2. Youtube Data Viewer

3. Google Maps

4. Factchek.kz

5. MediaNet

6. Internews 

Ақпаратқа мән беріңіз!