Әлеумет

ИК мен Ninety One бірігіп билікті сынап сынады

Қазақстан шоу-бизнесінде алпауыт идеологиялық екі топ бар - Ninety One және "Ирина Кайратовна" шоуы. Екі топ бірігіп "Taboo" трегіне клип түсірген, бүгінде YouTube-тағы қаралым саны 4 милионнан асты. Әнде ағылшын жазушысы Джордж Оруэлл мен Ұстазы Хаксли туралы жолдар бар. Неге екеуінің есімін пайдаланған, біз оны талдап көрдік

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шумақ осындай:

Біздің елге таң қалмаушы еді Оруэлл 

Хакслидің өзі де үндемей келісуші еді толығымен.

 Бұл жерде Оруэлл кім?

Джордж Оруэлл – антиутопия жанрында жазатын ағылшын жазушысы. Ол өзінің 1984 атты кітабында тоталитарлық жүйе жайлы айтады. Қызық болып жатыр ма?!

Жазушы туралы білдік. Ал Хаксли Оруэллдің ұстазы болған. Сонымен, Оруэлл бізге неге таң қалмаған?!Таң қалмайды да. Ол кітабында тоталитарлық жүйе туралы жазды. Бұл дегеніміз Қазақстандағы жүйені көрсе, ол түк таң қалмас еді. Түсінген шығарсыздар деген ойдамын. Бұл жерде үкіметті жамандаудың да керегі жоқ, себебі заңды түрде өз жұмысын жасап отырған журналистердің өзі таяққа жығылып, құқығы тапталса, мені аспаннан іздей беріңіз.

Хаксли Оруэллге жіберген хатында 1984 кітабы жайлы ойын жазады. Оның қысқаша мазмұны осылай:

Бұл туралы жазған барлық сыншымен келісе отырып, мен бұл кітаптың қаншалықты жақсы және өте маңызды екенін тағы бір рет айтуым керек. Оның орнына кітап сипаттайтын идеалды төңкеріс туралы айта аламын ба? Идеалды революция философиясының алғашқы белгілері саясат пен экономикадан тыс және жеке психология мен физиологияның толық төңкерісіне бағытталған революция болып табылады. Бұл өзін ізбасар және аяқтаушы деп санаған Маркиз де Садтан көрінеді. 

ХІХ ғасырдағы философтар мен ғалымдар үстем материализмнен, ішінара әдептіліктен, саясаткерлер, солдаттар мен полицейлер сияқты практикалық адамдар үкіметке жүгіну үшін психологияның таңғажайып фактілерімен айналысқысы келмеді. Біздің әкелеріміздің ерікті надандығының арқасында идеалды төңкерістің басталуы бес-алты буынға кейінге қалдырылды. Тағы бір бақытты кездейсоқтық –Фрейдтің гипнозды сәтті жасай алмауы және кейіннен гипнозға мән бермеуі. Бұл гипнозды психиатрияда жалпы қолдануды кем дегенде қырық жылға кешіктірді. Бірақ қазір психоанализ гипнозбен біріктіріліп жатыр және гипноз барбитураттарды қолдану арқылы әлдеқайда жеңіл және тереңірек болды, бұл тіпті төзімді адамдардың гипнозды және болжамды жағдайын ынталандырады. Жалпы хаттағы ой осыған саяды.

Бұл тақырыптан шығар түйін:Тоталитарлық билік құласын! Демократия іс жүзінде жұмыс жасап, консерватизм жүйесін күйретуі шарт. Бұл жас ұрпаққа тастап кетер басты байлығымыз болуы мүмкін.