Bugin

Блог жүргізу: пайдасы мен зияны

Үйде отырып-ақ өзіңізге ұнайтын іспен айнылысып әрі табыс тапқанға не жетсін?!

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Егер сізге қатаң кестемен жұмыс істеу ұнамаса, бастығыңыздың бұйрықтарынан шаршасаңыз, еркін қызметке жүгінгіңіз келсе, онда фрилансинг, яғни интернеттегі еркін платформа – блог жүргізумен айналысыңыз. Алайда оның да екі жағы барын ұмытпаңыз.

Осы тұста блог жүргізудің жақсы (+) және жаман (-) жақтарын қарастырып көрелік:

Блог жүргізудің артықшылықтары (+)

• Ыңғайлы орта. Үй болсын, саябақ болсын, қалаған жерде жұмыс істей аласыз. Посттарды ұялы телефоннан да жазуға болады. Негізгі шарт – интернетке қолжетімді және шабыттандыратын гаджеттің болуы. Әрі оны еңбекқорлықпен және кәсіби шеберлікпен алмастыру мүмкіндігі де зор.

Бос кесте. Таңғы 6-да жұмысқа бару үшін оянбайсыз. Өзіңізге ыңғайлы уақытта жұмыс істей аласыз, ең бастысы – өз іс-әрекетіңізді жоспарлай білесіз.

Нөлден басталған инвестиция. Қазір танымал блогердің көпшілігі өз блогын қалыптастыруды нөлден бастаған, алайда амбициялары зор болды. Ал бүгінде блогтары арқылы ақша тауып отыр.

Шығармашылық еркіндік. Тақырыпты өзіңіз таңдайсыз, жоспар құрасыз, мазмұнды ұсыну стилін өзгертесіз. Сізде бастық жоқ, алайда оқырманыңыздың реакциясына бағыншытысыз.

Даму мүмкіндіктері. Блог жүргізуде үнемі жаңа үрдістер пайда болады. Бірақ сіз басқаларға қарағанда таңғаларлық дүние істей алатын мүмкіндігіңіздің барын білесіз. Ал ертең мұны кешегіден гөрі дамытып, басқа форматта жасайсыз.

• Лайықты төлемдер. Блог жүргізу – бұл өте пайдалы кәсіп. Кейбір блогерлердің кірісі бір жарнама интеграциясы үшін жүздеген мың теңгені құрайды.

• Танымалдылық. Танымал блогер атаққа ие болудан қорықпайды, тек өзіне деген ынта мен сенімділікті дамыта алады.

Кемшіл тұстары (-)

• Жоғары бәсекелестік. Ең консервативті бағалаулар бойынша әлемдегі блогерлер саны сенімді түрде екі миллиардтан асады. Сондықтан, сіз өз орныңызды тауып, оны идеяңызбен толтыруыңыз керек. Ал аудиторияңызды жоғалтып алу оп-оңай.

• Ұзақ уақыт айналдыру. Блог жүргізудің алғашқы бір-екі жыл көп табыс әкелмейді. Жарнамалық шығын құны блогтың танымалдылығына тікелей пропорционалды түрде өседі. Егер сіз дереу пайда табуды қаласаңыз, вирустық жарнамаларға және жазылушыларды тартудың басқа тәсілдеріне ақша салуыңыз керек.

Тұрақсыздық. Мұндай процесс аудиторияны жаңадан жинау барысында сезіледі. Сондықтан, алдымен блогты тұрақты ақша ағымына кепілдік беретін тақырып бойынша үйлестіру керек.

• Үнемі идеялардың қажеттілігі. Парақшаңыздағы аудиторияңыз – не жанашырыңыз, не сізді көре алмайтын адам. Бүгін олар сіздің блогыңызды қолдайды, ал ертең бас тартуы мүмкін. Яғни таңдаған тақырыбыңыз қызықсыз болғаны. Сондықтан сіз аудиторияңызды үнемі тың идеялармен және өзекті материалдармен таңдандырып, қуантып отыруыңыз керек.

Нашар аудиторияның жағымсыз эмоциялары. Барлық оқырманыңыз сіздің көзқарасыңызға келіспеуі мүмкін, тіпті негатив пікірлер қалдырады. Мұндай жағдайда өзіңізді барынша сабырлы ұстауға тырысқаныңыз жөн.