МӘДЕНИЕТ

Атақты Грэмми жүлдесі: тарихы, алғашқы жүлдегерлері

Жас өнерпазды бір-ақ сәтте әлемге әйгілі еткен байқаудың тарихы мен қызықты деректерін ұсынамыз

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ақсулық Иманбек Зейкеновті әлемге әйгілі еткен Грэмми жүлдесінпе біздің елде де қызығушылық артты. Сондықтан санамызда бұл жобаның тарихы мен жүлдегерлері турасында сауалдар туындағаны анық. Ендеше, жоба туралы ақпараттарға көз жүгіртіп өтейік.

Алғаш рет 1959 жылы ұйымдастырылған бұл жобаның атауы «граммафон» сөзінен шыққан. Элла Фицджеральд, Доменико Модуньо, Фрэнк Синатра – байқаудың алғашқы жүлдегерлері. Байқау АҚШ-тың Лос Анджелас, Нью Йорк, Чикаго және Нашвилле қалаларында өткен.

Премия номинациялауда музыкалық жанрдың барлық саласын қамтып өтеді. Мысалы 2019 жылы 84 номинация өз иесін тапқан. Оның ішінде негізгі төрт жүлде «Жыл альбомы», «Жыл әні» «Үздік жаңа орындаушы» және «Үздік музыкалық жазба» басты назарға ие. Үздіктерді таңдау академия мүшелерінің құзырында. Бірінші бөлімде барлық музыкалық туындылар арнайы мамандардың бағалауы бойынша жүзеге асса, келесі кезеңде жасырын дауыс беру үлесі ескеріледі. Бұған дейін бюллетен арқылы дауыс берілген. Ал пандемияға байланысты осы жылы алғаш рет үздіктер онлайн анықталды.

Грэмми жүлдесіне ие болғандардың көшін Георг Шолти бастап тұр. Оның қоржынында 31 статуэтка бар. Ал әйелдер арасында үздік танылғаны – Элисон Краусс (27 статуэтка).

Сонымен қатар, биыл Билли Айлиш, Джастин Бибер, Гарри Стайлс сынды үздіктер халық марапатына бөленді. Бұл қатардан отандасымыз Иманбек Зейкеновтің табылуы – еліміз үшін үлкен жетістік.