Әлем жаңалықтары

Қытай Еуропа «бассыздығына» дөрекі жауап қатты

Еуропа Қытайға бірнеше талап қойған болатын. Ең маңыздысы, ұйғырларға қарсы қысымды доғаруды бұйырды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қытай да үнсіз қалған жоқ. Іштеріне жиналып қалған-ау, шамасы, бүй депті:

«Түкке тұрмайтын екіжүзділер, әділеттілік үшін жалған күрестерің саяси қысым жасаудан аспай отыр. Басқа ештеңе көріп тұрғанымыз жоқ.

Олар үшін адам құқығының маңызы жоқ, тек дипломатиялық таяқ қана.

Болмайтын жерден ілік іздеп үйреніп қалған. Себебі солай ыңғайлы. Ал адам құқығы нағыз тапталып жатқан жерді көрмейді, себебі Еуропа үшін тиімсіз. Егер Еуропа Балтық жағалауындағы ресейліктерге қатысты дискриминацияға көз жұмса, ұйғырлар жайлы ауыз ашпасын. Алдымен өз «құндылықтар қауымдастығындағы» адам құқықтарын реттеп алсын».

Айта кетейік, 2021 жылдың 20 қаңтарында АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Қытай ұйғыр және басқа мұсылман топтарға «геноцид жасап, адамзатқа қарсы қылмыс істеді» деп айтқан.

«Геноцид әлі де бар. Біз Қытай коммунистік партиясының тікелей бақылауымен ұйғырларды жою үшін жүйелі түрде талпыныс жасалып жатқанының куәсі болып отырмыз», - деді Помпео. Оның мәлімдемесі АҚШ-тың жаңа президенті Джо Байден ант беріп, қызметіне кірісерден бір күн бұрын жарияланды.

Ал БҰҰ есебінше, Шыңжаңда кемінде миллион этникалық ұйғыр, қазақ және өзге де түркітілді топ өкілі «экстремизммен күрес орталықтарына» қамалған. БҰҰ сонымен бірге миллиондаған адамның ішкі лагерьлерге жіберілгенін айтады. Ал Пекин ондай қамау орындарын "кәсіпке баулитын орталық" деп атайды.

АҚШ мемлекеттік хатшысы қызметіне ұсынылған Энтони Блинкен 19 қаңтарда Помпеоның сөзіне қосылатынын жеткізді. Бұл Ақ үйдің Пекинмен қатынасы жаңа президент келсе де, өзгере қоймайтынын білдіреді.

«Ерлер мен әйелдерді, балаларды концентрациялық лагерьлерге жіберу, оларды іс жүзінде қайта тәрбиелеуге тырысу, Қытай коммунистік партиясы идеологиясын күштеп тану. Мұның барлығы геноцид жасауға тырысу болып саналады» деді Блинкен сенат тыңдауы кезінде.

Былтырдан бері АҚШ Қытайдың Шыңжаң, Тайвань, Тибет, Гонконг, Оңтүстік Қытай теңізіндегі әрекетіне байланысты Пекинге қысымын үдетіп, шенеуніктеріне санкция салумен келеді.