Экономика

"Көрінбейтін" ақша

Ал, сіз адам ұстайтын ақшадан бөлек ғаламтордың да көрінбейтін ақшасы барын білесіз бе?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Тірнектеп тапқанды, тиындап сақтау бүгінгі заманға тән емес. Қазір қағаз ақшаның нарықтағы орнын криптовалюталар басып алды. Атауы таңсық болғанымен, оны әрқайсыңыз пайдаланып жүргеніңізге күмәніңіз болмасын. Ия, қазіргі банк карточкалары арқылы төлем жасау ең тиімді әдіс. Картамен төлем көшіне кейінірек ілессек те, артықшылықтарына үйреніп те қалдық. Тарихқа көз жүгіртсек, алғашқы несие картасын 1951 жылы Нью Йорктың шағын банкі  Long Island Bank  шығарған. Жергілікті және халықаралық төлем жүйесі деп бөлінетін карталар алғашында сенімсіздік тудырғанымен, ақшаның сенімді "сейфіне" де айналып үлгерді. 

Ал, сіз адам ұстайтын ақшадан бөлек ғаламто рдың да көрінбейтін ақшасы барын білесіз бе? 

Қарапайым тілмен айтсақ, әр елдің өзіне тән вальютасы бар. АҚШ вальютасы доллар, Қытайда юа нь, Қазақстанда теңге деп аталатыны секілді, интернетке тән вальютаны биткоин деп атайды. Сонымен "көрінбейтін ақшаның" қандай артықшылығы бар?  Бұл жаңа технологиялар мен үкіметтің бақылауынсыз жүргізуге негізделген төлемдер мен ақша аударымдарының жылдам әрі сенімді жүйесі. Көпшіліктің бұдан бейхабар болуы да орынды. Оны ешкімге белгісіз Сатости Накамото деген лақап атпен танымал бағдарламашы не (бағдарламашылар тобы) 2009 жылы  дүниеге әкелген. Көрінбейтіндігі болмаса бұл ақшаға да  басқа валюта қасиеттері тән. Яғни, биткоин да айырбастау, сақтау құралы һәм есеп бірлігі. Бастапқыда Биткоиндар тек математиктер, криптографтар және де компьютермен айналысатын адамдардың арасында ғана сұранысқа ие еді. Бұл ақшаны қолдану  арқылы инфляциядан тәуелсіз болуға болады. Қазіргі кезде бір биткоинның курсы 1 303 898 теңгеге тең. Биткоин валютаға немесе алтын, құнды қағаз сияқты басқа активтерге тәуелді емес. Десек те, кей елдер вальютаның бұл түрінен бас тартып, алаяқтардың тірлігі деп бағалауда.  Криптовалюталарды қолдану-қолданбау сіздің еркіңіз.