Bugin

"Журналистерді барлық елде түрмеге отырғызып жатыр, өлтіріп жатыр..."

Журналистер журналист құқығын қорғай ала ма? Олар қандай қайғылы оқиғаларға тап болып жатыр? Төменде оқыңыз

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстан Республикасы бойынша, Орталық Азия мемлекеттері бойынша, тіпті бүкіл әлем бойынша журналистердің жазықсыз сотталуы және қайғылы оқиғаларға тап болуы жалғасып жатыр. Иә, барлығын жазықсыз деп айта алмаймын. Әрине, арасында шынымен кінәлі тұлғалар бар. Жақсы, оны қоя тұралық.

Х.Клинтонның айтуынша, қазіргі уақытта журналистер қорғаусыз, осал. «Журналистерді барлық елде, әсіресе Хелсинский принциптеріне қол қойған ЕҚЫҰ елдерінде түрмеге отырғызып жатыр, өлтіріп жатыр. Журналистер бірігіп қорғануы тиіс»,- деді ол және мемлекет басшыларымен кездесуінде «барлық кезде де сотталғандар мәселесін, әсіресе сотталған журналистер мәселесін көтеретінін» қосып айтты. Яғни, бұдан біз бұл мәселе барлық мемлекетте орын алып жатқанын байқаймыз.

«Біз 2009 жылды қарсы алғанда екі журналист темір тордың арғы жағында отырған. Олар – Тоқберген Әбиев пен Вадим Курамшин. Ал биыл Рамазан Есіргепов пен жазушы-журналист Алпамыс Бектұрғанов сотталды. Біз, Алпамыс Бектұрғановты сөз бостандығы құқын пайдаланғаны үшін сотталды деп есептейміз»,- деп Тамара Калеева Азаттық радиосына айтқан болатынын. Құжат бойынша біздің мемлекетте сөз бостандығы бар. Алайда, осы сөз бостандығын пайдаланған журналист темір торға түскенін көреміз. Осыдан кейін, «сөз бостандығы бар» дегенге қалай сенеміз?

Кейде журналистер белгілі бір лауазымды тұлғалардың қылмыстық істерін әшкерелейтін болса, көп жағдайда дәл сол лауазымды тұлғалар емес, журналистер жазаланып жататынын байқаймыз. Яғни, лауазым бүгінгі таңда қандай да бір рөл атқаратынына тағы бір мәрте көзіміз жетеді. Мәселен, Тоқберген Әбиев 2008 жылдың мамыр айында «қаржы полициясының жауапты қызметкеріне сот органдары қызметкерлерін әшкерелейтін материалдарды тауып бергені үшін жалпы мөлшері 1600 доллар 50 мың теңге көлемінде пара беруі себепті» деген айыппен тұтқындалған. Ал параны алуға тиіс болған шенеунікке ешқандай қатер төнбеген.

Айта берсе, бұндай жағдайларды тізіп жеткізе беруге болады. Алайда, журналистердің құқықтарының қорғалуына атсалысуымыз керек.