Bugin

Қайталау: Ұлы Отан соғыс есімдері

Барды жоқ еткен, тауды құм еткен трагедия адамзат тарихынан өз орнын жоғалтпақ емес. Тарих беттерінде мәңгілік сақталғанмен, мылқау қоғамның екі аяқты ұрпағының санасында сақталар ма екен? Ондай қауіптің бары анық. Жыл өткен сайын сол тарихтың авторлары азайып, тек мереке қарсаңында ғана елене қоятыны да жасырын емес.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Тарих деген өшпес кітапты ашып қарайтын болсақ, адамзат тарихындағы ең үлкен соғыстың ашылмаған бетінің әлі көп екенін байқаймыз.

Соғыс майданы біздің жерде болмағанмен бір отанның болашағы қыл арқан үстінде тұрғанда, қолына қару алған батырлар қаншама? Бірінің ерлігі еленді, бірі құлаған жерінде қалды.

Трагедия 1941 жылдың 22 маусымында фашистік Германия КСРО-ға тиесілі Брест қамалына (Беларусь) шабуыл жасаған соң басталды.

Ресейлік тарихшылардың мәліметіне сәйкес, 1941 жылы қамалды 7 000 сарбаз қорғаған. Оның 1 мыңға жуығы Қазақстаннан барған жауынгерлер.

Бұл соғыстың зардабы өте ауқымды болғаны жасырын емес. 72 мемлекет қатысқан соғыста 62 миллион адам ажал құшты.

Соғыста қазақстандықтардың жеңіске қосқан үлесін бағамдай кетпеске болмайды. Соғыс жылдары кеңес әскері қатарына 1 миллион 200 мың қазақстандық шақыртылып, 600 мыңнан астамы елге оралған жоқ. Отан үшін ерлікпен шайқасты. 100 000-нан астам отандасымыз жауынгерлік ерлігі үшін медаль-ордендермен марапатталды.

Шамамен 600-ге жуық қазақстандық Кеңес одағының батыры, 100-ден астам адам "Даңқ" орденінің иегері атанды. Ал қазақстандық 4 ұшқыш: Талғат Бигелдинов, Леонид Беда, Иван Павлов, Сергей Луганский "Кеңес Одағының батыры" деген құрметті атаққа 2 мәрте иеленді. Қазақстандықтар арасында алғаш болып бұл атақты танк әскерінің генерал-майоры, павлодарлық Кузьма Семаченко алды. Панфиловшы, полковник, 207 рет ұрысқа қатысқан Бауыржан Момышұлынан соң бұл атақ ешкімге берілген жоқ.  

Соғыс майданында ерлік көрсеткендер көші бұнымен тоқтамақ емес.

Днепр үшін болған шайқаста 18 жастағы Жәнібек Елеусізов қазақтар арасындағы ең жас "Кеңес Одағының батыры" атанды.

Кеңес Одағы батырларының қатарында қазақтың екі батыр қызы: мерген Әлия Молдағұлова мен бір өзі бірнеше сағат бойы жау шабуылына тойтарыс берген пулеметші Мәншүк Мәметова да бар.

Рейхстагқа Жеңіс туын тіккені үшін "Жауынгерлік Қызыл ту" орденінің иегері болған Рақымжан Қошқарбаевтың ерлігін де дәріптеп өткен жөн.

 Бұл тізбекке ілінбеген қанша батыр бабамыз бар. Ерлігі мен есімі көркем фильмерде болсын көркем әдебиетте де, том-том тарих беттерінде дәріптелсе де келешек ұрпақ есте сақтаса деген үміт бар.