Bugin

Блогер немесе журналист: жаңа заман медиасы

Блогер журналист бола ала ма?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Блогер журналисттің орнын басатын кәсіп пе? 

Жалпы кеңістік түсінікпен қарасақ, журналист – 4 жыл оқыған, дипломы бар маман. Медиаортада ақпаратты жинақтап, сараптап дер кезінде халыққа ұсынатын адамды журналист деп айтады. Яғни адамда сол дағды болса, онда  оқудың қажеті жоқ деп ойлаймыз. Себебі түсінік бойынша, журналистика ғылым емес. Қазақстанда заң бойынша ақпарат тарата алатын адам журналистің категориясына кіреді. Көп студенттер бір мамандықты оқиды, бірақ болашақта басқа мамандықта жұмыс істейді. Әрине бұл жағдайдан ешқандай ғаламдық қауіп-қатер көріп жатқан ешкім жоқ. Ол қалыпты нәрсе сияқты, ең бастысы адам тұлға ретінде қоғамда өз орнын тапса болғаны. Мысалы, компизитор болу үшін талант керек шығар, бірақ журналист болу үшін дағды қажет болады. Бірақ ол дағымен барынша пайдалынып жүрген жаңа маман - блогер қаншалықты медиасауатты? Сұрақ осыда. Қазақстанда білім алған, сауатты, өзінің мамандығына барынша адал, әділ түрде қызмет етіп жатқан журналистер бар. 

  Бәрімізге белгілі Қазақстанның заңнамасы бойынша егер адамның миллион аудиториясы болса, блогер журналист, медиа боп есептеледі. Ғылыми тұрғыда біз оны медиа деп қарастырамыз. Себебі ол белгілі бір аудиторияға контент шығарып, оны жариялап, насихаттап отыр. Ал енді мәселе оны тексеріп, жариялап отыруда. Журналистік стандартқа сай ма, сай емес пе, халық назарына берілген ақпарат толық зерттеуден өтті ме, ол шындыққа жанасқан ба дегендей. Заманауи блогерлер кәсібінің осал жері осы деп білемін. Сол себепті біз оны журналист деп атай алмаймыз. Біз оны медиатұлға немесе халыққа ықпалы бар медиатұлға деп қана айта аламыз.

Аудитория тұрғысынан қарасақ, әрине, бүгінгі дәстүрлі журналистика аудиторияның талабын қанағаттандыра алмайды. Сондықтан да халық талаптарына сәйкес медиа іздей бастайды. Мәселен, бүгінде аудитория дәстүрлі мемлекеттік журналисттің берген ақпаратына көңілі толмаса, онда ол интернеттен шындықты өзі іздеуге тырысады. Сөйтіп аудитория шындықтың не екенін түсіне алмайды, екі ойлы болып жүреді. Осы тұрғыдан бәсекелес болып отыр.  

Журналистиканың күші - ақпаратты тексеріп бере алатындығында.