Денсаулық

Ораза кезінде адам ағзасында болатын өзгерістер

Ораза – жанның азығы,тәннің шипасы.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қасиетті Рамазан айы күнәләрдің кешірілуіне себепкер уақыт. Бұл кезеңде ораза ұстаған жанның сауабы мол, жүрегі нұрлы бола түседі. Ислам дінінде айрықша маңызға ие ораза қазіргі таңда әлем ғалымдары тарапынан да түрлі талқылауларға ие. Ендеше, ораза кезінде адам организмінде болатын өзгерістерге тоқталып өтейік:

1. Қан қоюланудың алдына алады. Денедегі холестерин мөлшерінің көбеюі қан тамырларының майлануы дертіне және жүрек пен мидағы қанның қоюлануына алып келеді. Ал ғалымдар ауыз бекіту арқылы денедегі майдың құрамын азаятындығын, сонымен бірге ауру туғызатын холестерин мөлшерінің бәсеңдейтінін айтады.

2. Оқып-үйрену қабілетін жоғарылатады. Ораза кезінде су ішуден ұзақ уақытқа бас тарту зердені жақсартады. Есте сақтау қабілетін арттырады. Зерттеуші Жозеф Чепаш  «ораза барысында бар зейінімді толықтай бір нүктеге жинақтай алдым. Денеммен қоса ойлау, сезіну қабілетім арта түсті. Күнделікті бойкүйездіктен арылдым» деп атап өткен.

3. Ас қорыту жүйесін реттейді. Үздіксіз жұмыс істейтін асқазан ораза уақытында орташа есеппен күніне төрт сағат тынығады. Бұл оның кемшіл жерлерін жөндеуге көмектеседі. Сонымен қатар, бұл кезеңде бауыр қызметі де жақсарады. Бүгінгі күнде медицинада түрлі аурулардың туындауына себепкер болған бауырдың міндеті жеңілдейді. Нәтижесінде бауырдың жұмыс істеуіне шек қойылып, қызметі жаңарады.

4. Ең бастысы ораза адамды жаман әдеттерден тыяды. Бұл кезеңде өсек пен өтірікке, ашушаңдыққа барынша жол берілмеуі тиіс. Яғни,Рамазан адамды өзін-өзі тәрбиелеу үшін берілетін үлкен мүмкіндік.