Bugin
Сейсенбі күні жергілікті уақыт бойынша 16:45 шамасында (Астана бойынша 02:45) полицияға қаланың оңтүстік-шығыс ауданынан қоңырау түсті. Хабарласқан қыз оған қоқан-лоқы көрсетіп жатқанын айтқан.
Огайо штатының астанасында полиция қызметкері 16 жастағы қара нәсілді қызды атып өлтірді. Қыздың аты-жөні – Махия Брайант. Брайант қайтыс болғаннан кейін көп ұзамай оны атып өлтірген үйдің жанына белсенділер жиналды. Қыз Миннеаполистегі бұрынғы полиция қызметкері, афроамерикандық Джордж Флойдты өлтірген Дерек Шовиннің ісі бойынша айыптау үкімін жариялағанға дейін бірнеше минут бұрын өлтірілген. Қазылар алқасы Шовинді барлық үш айып бойынша кінәлі деп таныды. Ол 40 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Сейсенбі күні жергілікті уақыт бойынша 16:45 шамасында (Астана бойынша 02:45) полицияға қаланың оңтүстік-шығыс ауданынан қоңырау түсті. Хабарласқан қыз оған қоқан-лоқы көрсетіп жатқанын айтқан.
Видеода көрініп тұрғандай, полиция қызметкері тұрғын үйдің алдындағы үш әйел арасындағы төбелес кезінде мекен-жайға келеді. Жекпе-жекке қатысқандардың бірі, кейінірек ол Махия Брайант ретінде анықталды, алдымен бір қызды жерге итеріп жіберді, содан кейін екінші қызға қарай қол сермей бастайды. Полицей төбелесті тоқтатуға тырысады. Ол бірнеше рет "жерге жат" деп айқайлайды, ал Брайант екінші қызға секіргенде, оны атып жіберген.
Қалалық әкімшілік өкілдерінің айтуынша, полиция қызметкері екінші қыздың өмірін сақтап қалу үшін оқ жаудырған. Алайда Брайантты туыстары қыз өзін-өзі қорғауы керек болды дейді.
Махияның анасы жергілікті телеарнаға берген сұхбатында:
"Бұлай болмауы керек еді. [...] Жауап талап етемін", – деп мәлімдеді.