Қоғам
Манипуляция? Ия,солай десе болады. Урбанизация адам өмірін бұрын-соңды болмаған дамудың үлкен шыңына әкелді. Дегенмен телеарналар мен блогерлер және танымал адамдардың жетістікке тек үлкен қалада жетуі жайлы оқиғалары - пропаганда.
Мысал үшін алып қарайық: сіз ауылдан немесе моно қалада тұрып, биік жетістікке жеткен тұлғаларды білесіз бе?! Біраз бар, бірақ қалада жетістікке жеткендер санынан бірнеше есе төмен көрсеткіш. Инста парақшаларда танымал тұлғалар үлкен қалаға келгенде ғана жетістікке жеткенін үнемі хабарлайды. Әрине, бұл сөзі шын болар. Дегенмен бұл пропаганда.
Қазақстан телеарнасында бір кездері отандық телесериал болды. Атын ұмытып тұрмын. Сол сериалда жас келіншек ауылда отбасынан, күйеуінен жапа шегіп, қалаға аттанады. Қалада сән салонын ашады және бизнес леди болып шыға келеді. Әрине, бизнес бастауы, жетістікке жетуі жақсы дүние. Бірақ жетістікке ауылда неге жетпеді? Елімізде "Дипломмен ауылға" бағдарламасына жарнама болар еді ғой.
Дегенмен кезінде ауылда жетістікке жетуді көрсете білген тамаша сериал болды.Ол - "Бәсеке" сериалы. Сериал өте әдемі әрі қазақи жетістік жолы туралы баяндайды. Бұл сериал алдында айтқан сериалға антоним. Екеуі де ұлттық бюджеттен қаражаттандырылады. Келесі этапқа өтейік.
Елімізде жыл сайын облыстық деңгейде жастардың стартап байқауы өтеді. Мен Қызылорда облысы, Арал қаласында тұрғандықтан байқау "kbn startup" аталды. Алдыңғы жылы короновирус елімізге жетпей тұрғанда мен стартап жобаға ең ерекше идеямен қатыстым.
Дегенмен менің идеям ол кісілерге ұнағандай көрінгенімен, бірінші турдан өтпедім. Ең қызығы, салон бизнесі турдан өтті. Менің кездесулер мен романтикалық шаралар ұйымдастыру атты стартап идеям өтпеді. Себебі кекештігімнің кесірі тиді.
Елімізде шағын Ақсу қаласынан Грэмми сыйлығын ұтып алған Иманбектің атағы жер жарды. Иманбек Грэмми сыйлығын алғаннан кейін оған республикалық деңгейде көңіл бөлінді. Дегенмен еліміздің ауыл,аудандарында дарынды жастар көп. Олар аты шықпаған Иманбектер. Короновирус әсерінен кедейленген отбасыларда жастар эмоционалды,рухани тұрғыдан күйеді. Өйткені олар дәрменсіз болып отыр.Бұл жағдайда жағдай ауырлығы сезіледі. Жастарды конкурс болсын,басқа республикалық қолдау шараларына бір кісідей жұмылдыру елдің жаңа баспалдаққа шығуына керемет септігін тигізеді.