Bugin

"Көкпар мен қазақ егіз ұғым!"

Көкпар - ат үстінде еркін өскен әр қазақтың жаны. Түркі тілдес мемлекеттердің ертеден келе жатқан , және әзірге дейін сақталған ат спортының ішінде ең бірегейі. Содан да болар көкпар десе деребесі қозбас қазақ жоқ.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Көкпарда нағыз қазақ идеялогиясы тұнып тұр. Басты мақсат – жердегі 20-30 келілік серкені ат үстінде шауып келе жатып көтеріп, ортадағы қазандыққа қарсыластарына алдыртпай жеткізіп салу. Сол аралықтың өзінде қанша тартыс, ат үстіндегі нағыз майдан іспеттес көрініске куә болуға болады. Көкпар сөзі кей деректерде «көк бөрі» сөзінен шыққан десе, кей деректерде «көк бөрте» яғни, жас лақ атауынан шыққан деп көрсетілген. Бірақ, бәрінің негізгі ойы – бір. 

Ойынға тек қана серке қолданылатынының себебі, жасқа толған серке малының терісі мығым, қатты болып келеді. Және соның арқасында шабандоздар серкені тартысу кезінде оңайлықпен жыртыла қоймайды.

 Көкпардың қазіргі таңда кең таралған түрлері ол –  «Айналма көкпар» және «Он жылқылық» көкпар. Көкпар –  тек қазақтың ғана емес, бүкіл түркі тілдес елдерде кездесетін ойын түрі. Тіпті, Аргентина елінде де, ережелері мен идеясы көкпарға ұқсас спорт кең таралған. 

Көкпар жылқысы өте көп күтімді қажет етеді. Оны отқа қойып, баптауының өзі махаббатты талап етеді. Жылқы – өте сезімтал тіршілік иесі. Әкемнің айтуы бойынша, жылқы өзіне адам қандай ниетте келе жатқанын, егесі немесе егесі емес екенін бірден сезеді. Тазалықты жаны сүйетін текті мал. Қазақ халқы жылқыны осы қасиеттері үшінде жан серігі көретін болар.
Көкпарға қойылатын серке: Көкпарға серке қойғанда оның салмағы ауыр болмауы мүмкін. Сол кезде жануардың ішін жарып бидай толтыратын болған, ол салмақ ауырлату мақсатында. Көкпар халықаралық деңгейдегі ат спорты қатарына енгелі, серке тарту тиылды. Басты себептерінің бірі ол жануарды қорлау болып табылғандықтан құм толтырылған пішіні серкеге ұқсас заттар қолданыла бастады.  

Көкпарда басты шыңдалатын дүние – аттың жылдамдығы, басының қайымдылығы мен шабысы. Ал шабандоздың қырағылығы, күш-қайраты, шыдамдылығы шыңдалады. Осының барлығы бір уақытта жұмыс жасап, әрқайсысы бір-бірімен біте қайнасқан. Сонымен қатар ойын барысында неше түрлі жағдайлар болады. Бұл жайында тәжірибелі шабандоздар ауызынан естіген едім:

– Көкпар кезінде неше түрлі оқыс жағдайлар болады. Тек содан қорықпай, жүрегі жеткендер ғана алаңға шығып көкпар тартады. Серке тартысып жатып, аттан құлап ат астында қалу иық, аяқ, қол сындыру – көкпарда жиі болатын жағдай. Одан қала берді, бұрын көкпарға бір жүйе, ереже енгізбеген кезде шабандоздар серкені таласу барысында бір-бірін жез қамшымен сабайтын. Жез қамшы деп арқанның сыртына сым оралған қамшыны атайды. Сол бір ойындарда, қарсыласыммен серке тартысып жатқанымда ол қамшысын маған қарай сілтеді, ол тіке менің ауызыма тиіп алдынғы қатар тістерім түгел түскен болатын.  Көзге елестетудің өзі қиын, иә?  

Осынша қиындығы бола тұра бұл ойын әзірге дейін ойналатыны сізге де қызық болар. Көкпардың ерекшелігі де осында. Қанша қиындық болса да жігіттер намысқа тырысады. Шабандоздың шыдамдылығы шыңдалып, күш қайраты еселене түседі.

Қазақстанда көкпар ойынының қазіргі тынысы

 Көкпар ойыны – қазіргі кезде де, беделді ойындардың бірі. Қазақстанда халықаралық, республикалық көлемдегі ойындардан бөлек, әр ауыл аймақтарда да ай сайын өз көкпары ұйымдастырылып отырады. Көкпар беруді кішігірім той берумен тең көреді. Себебі, осы ойынның арқасында қанша ағайын-туыстың басы бірігіп, арқа-жарқа болады. Мен тұратын аймақтың өзін қарастыратын болсам, ауылымда ай, апта сайын «үлкен көкпар», «тай көкпар», «кіші көкпарлар» беріліп отырады. Көкпардың соңында, салымды көп салған шабандоздың үйіне барлық көкпаршылар жиналып, көкпарда тартылаған серкенің қуырдағынан дәм тату ел арасында салт болып кеткен . 

Отбасында ер бала туылғанда, «ат ұстарым» «қамшы тартарым»  деп атқа мінгізіп, көкпар алдырып, баланы додаға түсіруде де үлкен тәрбиелік мәнге ие. Жігіт денесі мығым, сергек болады деген ниетпен бала кезінен атқа мінуге баулиды. Демек, көкпар мен қазақты бөліп қарауға болмайтын егіз ұғым деуге толықтай негіз бар!