Bugin

9 млн қалтада қалды: Қызғалдақ жұлғаны үшін айыппұл төлемеуі мүмкін

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Түркістан облысы Бәйдібек ауданында қызғалдақ жұлғаны үшін 9 млн теңге айыппұл төлейді деген шымкенттік тұрғын жазаға тартылмауы мүмкін. Бұл туралы Bugin.kz платформасы Qazaqstan арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Өңірлік полиция департаменті баспасөз қызметінің айтуынша, шымкенттікке қатысты қылмыстық іс нақты шешім қабылдау үшін облыстық прокуратураға жолданған.

Жалпы биыл Бәйдібек ауданында сирек кездесетін гүлді жұлудың үш дерегі тіркелген. Ал былтыр гүлді жұлудың 7 дерегі тіркеліп, 6 адам әр талы үшін 1458 теңгеден айыппұл төлеген.

Еске салайық, Түркістан облысының полиция қызметкерлері Қызыл кітапқа енген қызғалдақты жұлған ер адамды ұстады. Оған ҚР ҚК-нің “сирек кездесетін және құрып кету қаупі жоғары, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер мен жануарлар түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз пайдалану” бабының 1-бөлігі бойынша іс қозғалды.

Аталған бапта 3 мың АЕК (8 751 000 теңге) көлеміне дейін айыппұл салу қарастырылған. Дәл осы жаза түрі қоғамда резонанс тудырды.