Bugin

Еркек өз әйелін өлтіру үшін киллер жалдаған, ал қызы – куәгер

Светлана өліп бара жатса да, қызына тиіспеуін өтінген. Тілінген жаралардан басқа, әйелдің мұрны сынған және басы мен бетінде көптеген ісік бар. Е. келіп жылап жатқан баланы артқы орындықтан қолына алып, әйелінің өлтіріліп жатқанын бақылап тұрған. Светлана оқиға орнында қайтыс болды. Киллер қылмыс орнынан қашып кетеді. Бірақ не болып жатқанын байқаған адамдар полиция шақырған.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматы облысында жас әйелдің өліміне қатысты сот үкімі шықты. Светлананың 38 жастағы күйеуі Е. 18 жылға бас бостандығынан айырылды. "НеМолчидің" көшбасшысы Дина Смаилованың айтуынша, ол ҚР ҚК-нің 99-бабының 2-бөлігі, 5,7,8-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, ең жоғары қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтейді.


                                           Е.-нің айтуы бойынша жағдай былай болған

Бұл оқиға өткен жылдың күзінде болған. Кешке олар бір жасар қызымен бірге азық-түлік алу үшін Магнумға (Қапшағай тас жолындағы) барған. Светлананың күйеуі дәрет "сындыруы" керек болғандықтан, қайтар жолда олар қуыс жолға бұрылады. Ол қайтып келгенде, әйелінің пышақталған денесін, зорлық-зомбылықпен өлгенін көрген.

Өзі әйелінің өліміне қатысы бар деген кінәні жоққа шығарды. Алайда, Светлананың туыстары оның кінәлі екеніне сенімді болды, өйткені ер адам ажырасып, қызын алып кетемін деп әйелін қорқытқан. Полиция екі күдіктіні ұстады, олардың бірі – Светлананың күйеуі.

Белгілі болғандай, 27 сәуірде екі ер адамға үкім шығарылды. Екінші сотталушы М., 1986 жылы туған, сол бап бойынша 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Олар қаза тапқандардың отбасына 20 млн теңге көлемінде моральдық залалды өтеуге міндеттелді.

"Е., құрылыс компаниясының қызметкері, әйелімен келіспей қалып, қызын өзі асырағысы келген. Сол себепті, әйелінен құтылу үшін киллер жалдайды. Алдымен ол ұсынысты танысына айтқан. Ол сөзіне мән бермеген, кейңн бас тартқан. Сосын еркек Алакөл көлінде құтқарушы болып жұмыс істеген М.-ге ұсыныс тастайды. Оған екі миллион теңге сыйақы ұсынды", – деді Смаилова.


Анықталған ақиқат

Еркек әйелін 2 рет өлтіруге тырысқан. Біріншісі – 2020 жылдың 10 қарашасы болған. Бірақ киллер адам көп болғандықтан бұл істі кейінге қалдырған.

12 қарашада Е. алдын ала төлем ретінде 100 000 теңгені М.-ге береді. 

13 қарашада ол әйелі мен баласымен Қапшағай тас жолымен жүріп келе жатып, адам тұрмайтын жерге жетіп, қажеттілікті өтеу үшін көліктен 150 метрдей әрі кеткен. Осы уақытта М. жақындап, көлік ашып, қолында бір жасар қызы бар Светлананың басына қатты соққы жасады. Осыдан кейін ол әйелге пышақпен 30-дан астам соққы жасаған. Мойнына тиген 3-еуі әйелдің өлуіне себеп болған.

Светлана өліп бара жатса да, қызына тиіспеуін өтінген. Тілінген жаралардан басқа, әйелдің мұрны сынған және басы мен бетінде көптеген ісік бар. Е. келіп жылап жатқан баланы артқы орындықтан қолына алып, әйелінің өлтіріліп жатқанын бақылап тұрған. Светлана оқиға орнында қайтыс болды. Киллер қылмыс орнынан қашып кетеді. Бірақ не болып жатқанын байқаған адамдар полиция шақырған.

Айта кетейік, киллер болуға келіскен М. жетімдер үйінде өскен. Оның әкесі кезінде анасын өлтіріпті.